
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда микроқаржылық қызмет лицензияланады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда микроқаржылық қызметті лицензиялау енгізіледі. Бұл жайында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасованың Мәжіліс депуттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент Стратегиялық жоспарлау агенттігінің кейбір мәселелері туралы Жарлыққа қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің алғашқы Жолдауы: орындалған тапсырмалар мен өзекті мәселелер
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына алғашқы Жолдауына бір жыл өтті. Енді 1 қыркүйекте ҚР Президентінің екінші Жолдауы күтіліп отыр. Осы орайда бір жыл көлемінде орындалған тапсырмалар мен кейбір өзекті мәселелер Strategy2050.kz сайтындағы шолуда жан-жақты атап өтілген.

Қазақстан жастар конгресі атқарушы директоры Президенттің алдағы Жолдауына қатысты пікір білдірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ атқарушы директоры Тоқтар Болысов Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қандай мәселелер көтерілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда 883 ауылда интернет жоқ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта Қазақстанның 4 646 елдімекенінде кеңжолақты интернет қолжетімді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елімізде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін қандай мүмкіндіктер жасалады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесе отырып, «Мүгедектер арасында экономикалық белсенділікке жағдай жасау» жобалық кеңсесін жүзеге асыруда. Жобалық кеңсе аясында мүгедектердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудің 26 негізгі шаралары қарастырылған жол картасы бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәулен Әшімбаев: Абай ұлағаты – ешқашан маңызын да, құндылығын да жоғалтпайтын өнеге, өшпес өсиет
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Абай мұрасы - отаншыл, адал, парасатты, білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеудің негізі. Мұндай пікірді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларының қорытындысы қаралды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Онда «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың биылғы 7 айдағы қорытындысы тыңдалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

EGovMobile қосымшасы амбулаториялық емдеуде қандай дәріні тегін алуға болатынын көрсетеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - EGovMobile-де денсаулық сақтау бойынша жаңа қызмет және «Жылжымайтын мүліктің электрондық техникалық паспорты» деген жаңа цифрлық құжат іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай