
Президент бауырлас елдің еңбек мигранттарын келеке еткен экс-министрді сынады
ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат – «Бұдан өткен сорақылықты ойлап табудың өзі қиын». Ұлттық құрылтайдың Ұлытаудағы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас елдің еңбек мигранттарын келеке еткен экс-министрді осылай сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында 138 шетелдік қамауға алынып, 124-і елден шығарылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Облыста көші-қон заңдылығын бұзған 3919 шетелдік пен Қазақстан азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматыда миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығында ұзын-сонар кезек пайда болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанға маусымдық жұмыс істеу үшін шетелдік еңбек мигранттары келіп жатыр. Осыған байланысты, елдегі миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығында ұзын-сонар кезек пайда болды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейліктердің Қазақстанға келуі отандық еңбек нарығына қалай әсер етеді
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы ақпан, наурыз, сәуір айларында Қазақстанға 128 мыңнан астам Ресей азаматы және 3 мыңнан астам Украина азаматы келген. Егер өткен жылмен салыстырсақ, көрші мемлекеттен келгендер саны биыл екі есеге артқанын байқаймыз. Бұл жағдай әсіресе әлеуметтік желіде көп талқылана бастады. Шеттен келген мигранттардың көбеюі еңбек нарығына қалай әсер етеді? Өз азаматтарымыз жұмыссыз қалмай ма? Осы сұрақтар қоғамды алаңдата бастады. Осыған орай аталған тақырыпта материал дайындауды жөн санадық.

Атырау облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің басшысы ұсталды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің басшысы ұсталды. Бұл жөнінде әлеуметтік желіде тараған ақпаратты облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушылар үшін 6587 квота бөлінді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шекара маңындағы өңірлерді дамыту жөніндегі дербес бағдарламаны әзірлеудің қажеттілігі жоқ. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына берілген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Астанада көші-қон қызметінің 95%-ы автоматтандырылған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында көші-қон бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 95 пайызы автоматтандырылған. Жыл басталғалы 147 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Бұл туралы қалалық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Баймұхамет мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтанда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер 27 млн теңге айыппұл төледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл 3 айдың ішінде Қазақстанның көші-қон заңын бұзған шетел азаматтарына 27 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысы Арман Баймұхамет мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай