
ҚР Президенті БҰҰ-ның 75 жылдығына орай Антониу Гутерришке жеделхат жолдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына орай БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке құттықтау жеделхатын жолдады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

БҰҰ миссиясы және Қазақстанның Ұйымдағы рөлі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 75 жыл толды. Жаһан жұртын бейбітшілік пен қауіпсіздікке, диалог пен дамуға шақырған халықаралық платформа әрқилы кезеңнен өтіп, әлемнің екі жүзге жуық мемлекетін біріктірген алаңға айналып отыр. Қазақстанның 1993 жылы БҰҰ қатарына енуі халқымыздың тәуелсіздік пен бостандыққа деген көп ғасырлық ұмтылысын көрсетті. Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан әлемдік қауымдастыққа интеграцияланып қана қоймай, Азиядағы қауіпсіздік, ядролық қарусыздану, Еуразиялық диалог сынды ұсыныстарды алға қойды. БҰҰ-ның 75 жылдығына арналған жаңа форматтағы жиын жедел әрі нақты шешімдер қабылдау керектігін көрсетіп отыр.

Қазақстанда Орталық Азияның Өңірлік су консорциумын құру ұсынылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда Өңірлік су және энергетикалық консорциум құру қажет. Мұндай ұсынысты БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпы саяси дебаттарында сөз сөйлеген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ мінберінен Қазақстандағы ауқымды реформалар жайында айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлем елдерінің назарын Арал мен Семей қасіретіне аударды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Біз БҰҰ-ның климатты жақсартудың алты оң қадамы атты жоспары аясында күш біріктіруге міндеттіміз. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйлеген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Президенті «Ядролық бестік» мемлекеттерін Семей шартын ратификациялауға шақырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ядролық қаруы жоқ әрбір мемлекетке қауіпсіздіктің заңды тұрғыдан міндетті кері кепілдіктері берілуі тиіс. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйлеген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялауды ұсынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еріктілердің айрықша рөлінің белгісі ретінде БҰҰ-ға Даму мақсатында волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау керек. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпы саяси дебаттарында сөз сөйлеген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құруды ұсынады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпы саяси дебаттарында сөз сөйлеген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаһандық экономиканы қалпына келтіру үшін келісілген шаралар қажет - ҚР Президенті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаһандық экономиканы қалпына келтіру үшін келісілген шараларды шұғыл қабылдау қажет. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйлеген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент Абайдың жаһандық ынтымақтастыққа қатысты формуласын әлем елдеріне жеткізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпы саяси дебаттары барысында Абайдың жаһандық ынтымақтастыққа қатысты формуласын әлем елдеріне жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуді саясиландыруға жол бермеу керек - Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - COVID-19 індетіне қарсы вакцина әзірлеу мәселесін саясиландыруға жол бермеу керек. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйлеген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүкіл әлем аумалы-төкпелі оқиғалардың жаңа толқынының алдында тұр - ҚР Президенті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүкіл әлем аумалы-төкпелі оқиғалардың жаңа толқынының алдында тұр. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйлеген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы саяси дебаттарында сөйлеген сөзі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпы саяси дебаттарында сөз сөйледі. ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасай отырып Президент сөзінің толық мәтінін жариялайды.

Президент БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының жалпы дебаттарында сөз сөйлейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік Ұйымның мерейтойлық іс-шарасы аясында БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының Жалпы саяси дебаттарында сөз сөйлейді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан БҰҰ-ның барлық басты органдарында басымдықтарды дәріптеуге атсалысты - Президент
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – БҰҰ-ның терең тарихы белсенді ұжымдық күш-жігердің арқасында кең ауқымды мәселелерді талқыға салу кезеңі болды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясы аясында БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі кездесудегі бейнеүндеуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҰҰ Жарғысындағы мұрат-мақсаттар кәдеге аспайды деген пікірмен мүлде келіспеймін - Қасым-Жомарт Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан БҰҰ-ның миссиясы мен Жарғысын берік ұстанады. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының онлайн форматта өткен 75-сессиясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай