
Елбасы кітапханасына жаңа директор тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мәжіліс төрағасы лауазымына Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасы қаралды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының жетекшісі қызметіне Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды. Фракция депутаттары Елбасының ұсынысын бірауыздан қолдады. Сондай-ақ, Мәжіліс спикері лауазымына Нұрлан Нығматулинның кандидатурасын ұсыну мәселесі де қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Сайлаудан кейін алдымызда ауқымды жұмыстар тұр - Елбасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы экзит-полл нәтижесімен танысу үшін «Nur Otan» партиясының штабына келді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясының Төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға сілтеме жасап.

Депутаттыққа жастар мен білікті мамандардың келуіне жағдай жасалды – Елбасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Депутаттыққа жастар мен әйелдер, білікті мамандар келуіне жағдай жасалды. Бұл туралы елордадағы «Астана Опера» театрында орналасқан №115 сайлау учаскесінде дауыс бергеннен кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Адамдар кешірімді, мейірімді болуы керек - Нұрсұлтан Назарбаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –8 қаңтар күні «Хабар» арнасында ҚР Тұңғыш Президенті туралы «Штрихи к портрету» деректі фильмінің жалғасы көрсетіледі. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Тwitter-парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай