
Павлодарда Наурыз қарсаңында «Көршіңмен көже іш» жобасы басталды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда «Көршіңмен көже іш» жобасы басталды. «JEBE» қоғамдық бірлестігі Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Көршіңмен көже іш» жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Көрісу күні Сыр өңірінде қалай тойланады
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жер-дүние жаңғырып, көктем мезгілі келген шақта барша қазақ баласы шексіз шаттыққа кенеліп жатады. Қалың қазақ ұйысқан Сыр өңірі мұндай мереке мезіретін кешегі кеңестік кезеңде де естен шығара қойған жоқ. Елдің ішінде сол кезде «13 наурыз - Самарқанның көк тасы еріген күн» деген түсінік бар болатын. Оны еліміздің батыс өңірлерінде Көрісу күні ретінде тойлап жатады. Ал ол Сыр өңірінде қалай тойланды? Халық оны қалай деп атады? Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі филология ғылымдарының кандидаты, түркітанушы Серікбай Қосанды әңгімеге тартқан еді.

Иранда Наурыз мейрамында кеңселер 9 күнге жабылады - Мырзатай Жолдасбеков
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Иранда Наурыз мейрамында елдегі кеңсе атаулы 9 күнге жабылып, бәрі бала-шағасын алып, туған жеріне кетеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа тәсілдері» тақырыбындағы брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа форматтағы Наурыз мейрамын атап өтеміз - Юлия Лагуткина
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Наурыз - ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді сақтауға бағытталған мейрам. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа тәсілдері» тақырыбындағы брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Наурыз мерекесінде ұжымдық корпоратив өткізу ұсынылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа тұжырымдамада ұжымдық корпоративтердің Наурыз мейрамында өткізу ұсынылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа тәсілдері» тақырыбындағы брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Наурыз мейрамы 9 күн тойланады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан даму институты әзірлеген жаңа тұжырымдамада Наурыз мейрамы тоғыз күн ішінде өтетіні, әр күннің өз атауы болатыны туралы жазылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Наурыз мейрамын мерекелеудің жаңа тәсілдері» тақырыбында өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайлық әжей наурыз көже пісірудің ең оңай тәсілімен бөлісті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Ұлыстың ұлы күніндегі басты тағам - наурыз көже. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Қостанайлық әжей Тұрсынкүл Әбдірқызы оны жылдам дайындаудың тәсілдерімен бөлісті.

Наурыз мейрамы қазақ ұлтын қайта оятты - Дәулет Әбенов
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе өңірі. Наурыз мерекесін 80-жылдардың аяғында қайта тойлана бастады. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар мен ұлттық ойындар да қайта түледі. Бірақ әлі де ұмыт қалған салт-дәстүрлер мен ұлттық ойындарымыз бар. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Дәулет Әбенов айтып берді.

Май салынған қарын Наурыз көжеге ерекше дәм береді - Зере әжей
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Наурыз көже -Ұлыс ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Бұл тағамның жеті түрлі дәмнен әзірленетінін бәріміз жақсы білеміз. Алайда, көжені еліміздің әр өңірінде әркім әрқалай пісіреді. Осыны алға тартып, ҚазАқпарат тілшісі мереке қарсаңында көпті көрген, тірліктегі тәжірибесі мол көкшетаулық Зере Еспайқызын сөзге тартып, Көкше жерінде Наурыз көжені дайындау әдісімен бөлісуін өтінді.

Еліміздің оңтүстігінде Наурыз мейрамы қалай тойланады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақта наурыз айы - жаңа дәурен мен жақсылықты айшықтайтын әрі өткенді саралап, бүгінгіні бағамдайтын, табиғат-ананың оянып, тіршілік атаулының түлейтін кезеңі саналады. Көнеден келе жатқан Наурызнама дәстүрі бүгінде заманауи үлгіде қайта жаңғыртуға бағытталып, мерекелік шаралар бірнеше күндерге жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан өңірлерінде наурыз көже дайындауға қанша ақша жұмсалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз көже - Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Оған қоса, ол - тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы. Наурыз көже келер жылғы молшылықтың жаршысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады.

Түркістанда 2 мың литр наурыз көже дайындалып, 500 келі бауырсақ үлестірілді
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысының жұртшылығы Ұлыстың ұлы күнін Түркістан қаласында тойлады. «Есім хан» алаңында өткен мерекелік шарада өңірдің танымал өнерпаздары, студенттер мен мектеп оқушыларынан құралған жалпы 2000-ға жуық адам өз өнерлерін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әр елдің салты басқа: Әлем елдері жаңа жылды қалай қарсы алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі қазақ халқы үшін кезекті жылдың есігін ашып, жұртымыз жаңа жылмен бірге, елдегі соңғы жаңалықтарды ескерсек - жаңа кезеңге аяқ басқалы отыр. Тәуелсіздіктің жаршысы іспеттес қазаққа қайтып келген Наурыз мерекесінің ұлтымыз үшін маңызы ерек. Ал енді әлем елдері жаңа жылды қалай тойлайды? ҚазАқпарат тілшісі бұл мақалада әлемдегі түрлі халықтардың жаңа жылды қарсы алу дәстүріне шолу жасайды.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай