
Берік Имашев мәслихат депутаттары сайлауының қорытындысына пікір білдірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары және дауыс беру қорытындылары бойынша арналған отырыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жақып Асанов Президент сайлауында сотқа қандай арыздар түскенін айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 10 маусымында өткен ҚР Президентінің сайлауы кезінде сотқа президенттікке үміткерлер мен олардың өкілдеріннен 67 талап-арыз түсті. Бұл туралы бүгін судьялардың кеңейтілген кеңесінде ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыруға кіріседі
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімдігінде өткен аппарат жиналысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жоспары талқыланды. Облыс әкімі Ерлан Қошанов жұмыстарға қысқа мерзімде кірісуді тапсырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқаушылар Президент сайлауына өлшеусіз үлес қосты - Дәурен Абаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев кезектен тыс Президент сайлауына тәуелсіз байқаушылар өлшеусіз үлес қосты деп санайды. Министр Дәурен Абаев бұл пікірді «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент сайлауы заңнама талаптарына сай өткізілді - Серік Ақылбай
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 9 маусымда өткен Президент сайлауы кезінде Қазақстанның барлық өңірлеріндегі сайлау учаскелерінде 3 мыңға тарта заңгер жұмыс жүргізген. Бұл туралы елордада өткен «Сайлау 2019: Азамат және сайлау құқығы» дөңгелек үстелінде Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жаңғырудың тың өзегіне де айналады - Мәулен Әшімбаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылуы елімізде азаматтық қоғамды дамыту жолында жасалған нақты қадам. Бұл туралы Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының отырысында «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасының жүргізген саясатын Тоқаев одан әрі жалғастырады - Такео Кавамура
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп келген саясатын Қасым-Жомарт Тоқаев одан әрі жалғастырады. Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы, Жапонияның Парламен өкілдері палатасының депутаты Такео Кавамура осылай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай