
Ауыл - ел бесігі: Арыс қаласында 40-тан аса көше жөнделіп жатыр
АРЫС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Арыс қаласында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 40-тан аса көше жөнделуде. Республикалық және облыстық бюджет есебінен бөлінген қаражатқа Монтайтас ауыл округінде - 14 көше және Ақдала ауылдық округінде - 28 көше реттелмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО шенеуніктері Арыс қаласын қалпына келтіру жұмысына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау күдігіне ілінді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық шенеуніктер жарылыстан кейінгі Арыс қаласын қалпына келтіру жұмысына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау күдігіне ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арыстағы жарылыс: Сот прокурорлардың қарсылығына қарамастан, істі қарауды кейінге қалдырды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Арыстағы жарылыс бойынша істі сотта қарау басқа күнге қалдырылды. Шымкент гарнизоны әскери соты прокурорлардың қарсылығына қарамастан, осындай шешімге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда елді мекендерге тақау қоймалардан 20 мың тоннадан астам оқ-дәрі шығарылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда елді мекендерге тақау қоймалардан 20 мың тоннадан астам оқ-дәрі шығарылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Бақыт Құрманбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылыс туралы: Снаряд 15 шақырым жерге дейін құлаған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыстағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан қаза тапқандардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін еді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Бақыт Құрманбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арыстағы егістік алқаптарынан оқ-дәрі қалдықтары табылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Арыс қаласында егістік алқаптарын тексеріп қарау барысында 200-ден астам оқ-дәрі қалдығы табылды. Бұл туралы бүгін ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арыс қаласынан 380 мың оқ-дәрі қалдығы шығарылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы Арыс қаласынан бір жыл ішінде шамамен 380 мың оқ-дәрі шығарылды. Оның 300 мыңға жуығы жарылу қаупі бар оқ-дәрігер. Бұл туралы бүгін ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өмірзақ Шөкеев Арыстағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты
АРЫС. ҚазАқпарат – Арыс қаласында көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев 60 пәтерлі жаңа баспаналардың құрылыс алаңында болып, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай