
Экологиялық заң талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс «ҚР Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне, сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша ұсынылған өзгерістер мен толықтырулардың жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық құрылтай жастар саясатына аса мән беретін болады – Жанарбек Әшімжановпен сұхбат
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 16 маусымда Ұлытау төрінде Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өткені мәлім. Онда ұлттық құндылықтарға негізделген мемлекеттің болашақ дамуы туралы ұсыныстар айтылды. Осы орайда құрылтайдың алдағы жоспары мен оның халыққа берер игілігі туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі Жанарбек Әшімжанов әңгімелеп берді.

Депутат Ахметов елдегі «сақалды» құрылыстар проблемасын көтерді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың атына жолдаған сауалында құрылысы ондаған жылға созылып кеткен нысандардың проблемасын біржола шешуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төлеу мерзімі 90 күннен асқан микрокредит сомасы 45 млрд теңгеге жетті – агенттік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде төлеу мерзімі 90 күннен асқан микрокредиттер сомасы 45 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай