
Наурыздан наурызға дейін: Жылдың басты оқиғаларына фотошолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Табиғатпен үндесіп тіршілік еткен, уақыт өлшемін айлар мен амалдың ауысуымен есептейтін, көктемдегі күн мен түннің теңесуін жылдың басы деп білген көшпелі өркениет мұрагері саналатын Қазақ елі үшін тағы бір жыл артта қалды. Бұл жыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихын таразылаған, мерейтой жылы болды. ҚазАқпарат жылдағы дәстүр бойынша наурыздан наурызға дейін болған маңызды оқиғалардың шолуын ұсынады.

Алматыда ғарыштық технологиялар бойынша халықаралық байқаудың финалы өтеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және адамның ғарышқа алғаш ұшқанына 60 жыл толуына орай «KazakhstanSmartSpace» ғарыштық техника және технологиялар бойынша халықаралық байқаудың финалы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан мен Германия арасында 35-тен астам келісім бар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен ГФР СІМ-нің Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі уәкілі Маттиас Люттенбергтің төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласында кезекті қазақ-герман саяси консультациялары өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

Елордалық театрлар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мыңнан астам қойылым мен іс-шара өткізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан елорданың мәдениет мекемелері жыл бойы онлайн іс-шараларды белсенді өткізді. Карантин жағдайында театрлар көрермендермен өзара байланыстың жаңа түрлерін ашты, онлайн-гастрольдер, инстаграм-спектакльдер ұйымдастырылды, онлайн-радио құрылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: ҚР әскери қызметшілері биыл 84 мыңнан астам оқу-жаттығуға қатысты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығында армияның ұдайы жауынгерлік әзірлігін қолдау, әскердің жауынгерлік ептілігін арттыру, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету және жеке құрамның жоғары моральдық-жауынгерлік рухын қолдау жөнінде жүйелі жұмыс жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жыл қазақстандықтардың есінде қандай өзгерістермен қалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өтіп бара жатқан жыл өзгерістерге толы болды. Олардың ішінде жағымдысының салмағы басым. «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінң аналитикалық бөлімі жылдың ең ауқымды және есте қалар өзгерістеріне шолу ұсынады.

Әлемнің 12 елінде 780 мемлекеттік тіл сабағы өткізілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Этносаралық қатынастар мен диаспоралдық саясатты дамыту саласындағы жүйелі шараларды іске асыру жалғасын тапты. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жыл қорытындысы туралы ақпараттар жарияланған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Ақпарат министрлігі жылды қорытындылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы айтулы оқиға билік пен қоғам диалогының маңыздылығын дәлелдеген және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған Қазақстанның мерейтойлық X Азаматтық форумы болды. Форум Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының негізгі қорытындыларын шығарып, оны одан әрі дамытудың перспективаларын белгіледі. ҮЕҰ, БАҚ, бизнес және жалпы азаматтық сектор өкілдерінен 1000-нан астам ұсыныстар келіп түсті. Форумға алғаш рет БҰҰ, ЕҚЫҰ, USAID, UNICEF және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағандыда «Тәуелсіздік тәтті ұғым, шырын дәмі» байқауының жеңімпаздары марапатталды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда Мағауия Сембай атындағы журналистерді қолдау қоры ұйымдастырған алғашқы «Тәуелсіздік тәтті ұғым, шырын дәмі» атты өңірлік байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шоқан Уәлихановтың бейнесі бар монета ғарышқа апарылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тұсаукесері өткен 2019-2021 жылдарға арналған Қазақстан Рекордтар кітабының (КИнЭС) қаһармандары қатарында ғарышқа қатысты тарихи деректерді жинақтап жүрген қазақстандық бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
2021 жылы қандай заңдар қабылданды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл елімізде қазақстандықтардың өміріне бірқатар өзгеріс әкелген заңдарға қол қойылды. Атап айтсақ, бюджет, зейнетақы қоры, жер мәселесі, рақымшылық, сондай-ақ, сайлау туралы заңдарға өзгерістер енгізілді. Мәселен, зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалану мүмкіндігі туып, қашықтан жұмыс істеу заңдастырылды. Сонымен қатар, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасына да ел Президенті қол қойып, 2 мыңнан астам сотталушыға, 11 мыңнан астам пробацияда тұрған азаматқа жеңілдік жасалды. Ал, мың адам бостандыққа шығады. Өткен жылғы заңнамадағы өзгерістер туралы ҚазАқпарат сарапшысының материалынан оқи аласыздар.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай