
Облыс әкімдерін сайлау мәселесі кезең-кезеңімен қаралады – сенатор
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Конституциялық реформаның тағдырын шешетін республикалық референдумға екі-ақ күн қалды. Осы қарбаластың алдында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Сүлейменнен сұхбат алудың сәті түсті. Талай жыл Орталық сайлау комиссиясында еңбек еткен сенатор референдумға шығарылатын өзгерістер төңіргеніде ел аузында жүрген даулы пікірлер туралы пайымын айтты.

Қарағанды облысында биыл 13 ауыл мен кенттің әкімі сайланады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында 13 әкімнің лауазымына 40 кандидат тіркелген. Қазір олар үгіт жүргізіп жатыр. Сайлау 10 сәуірде сегіз ауылдық ауданда, сондай-ақ Жезқазған қаласының Кеңгір кентінде және аудандық маңызы бар Абай қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Наурыздан наурызға дейін: Жылдың басты оқиғаларына фотошолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Табиғатпен үндесіп тіршілік еткен, уақыт өлшемін айлар мен амалдың ауысуымен есептейтін, көктемдегі күн мен түннің теңесуін жылдың басы деп білген көшпелі өркениет мұрагері саналатын Қазақ елі үшін тағы бір жыл артта қалды. Бұл жыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихын таразылаған, мерейтой жылы болды. ҚазАқпарат жылдағы дәстүр бойынша наурыздан наурызға дейін болған маңызды оқиғалардың шолуын ұсынады.

Сенаторлар сайланған ауыл әкімдерімен кездесті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Сенаторлар - «Өңір» депутаттық тобының мүшелері Ерік Сұлтанов, Нұрлан Бекназаров, Сергей Ершов және Дүйсенғазы Мусин жергілікті мемлекеттік басқару мәселелерін қарау жөніндегі отырысқа дайындық аясында Ақмола облысында кеңес өткізді.

Құрылыс компаниялары Алматының келбетін жақсартуға дайын
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев құрылыс компаниялары мен салалық бірлестіктердің басшыларымен кеңес өтікізді. Кездесу барысында қираған ғимараттарды қалпына келтіру және қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2021 жыл қазақстандықтардың есінде қандай өзгерістермен қалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өтіп бара жатқан жыл өзгерістерге толы болды. Олардың ішінде жағымдысының салмағы басым. «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінң аналитикалық бөлімі жылдың ең ауқымды және есте қалар өзгерістеріне шолу ұсынады.
2021 жылы қандай заңдар қабылданды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл елімізде қазақстандықтардың өміріне бірқатар өзгеріс әкелген заңдарға қол қойылды. Атап айтсақ, бюджет, зейнетақы қоры, жер мәселесі, рақымшылық, сондай-ақ, сайлау туралы заңдарға өзгерістер енгізілді. Мәселен, зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалану мүмкіндігі туып, қашықтан жұмыс істеу заңдастырылды. Сонымен қатар, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасына да ел Президенті қол қойып, 2 мыңнан астам сотталушыға, 11 мыңнан астам пробацияда тұрған азаматқа жеңілдік жасалды. Ал, мың адам бостандыққа шығады. Өткен жылғы заңнамадағы өзгерістер туралы ҚазАқпарат сарапшысының материалынан оқи аласыздар.

Әкім сайлауы: Үгіт-насихат шығындары халық санына қарай төленбек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл әкімдерінен үміткердің сайлаудағы үгіт-наситхат шығын қайта қарау қажет. ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

864 әкім халықтың тікелей дауыс беруі арқылы қызметке келді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау нәтижесі саяси партиялардың белсенділік деңгейіне сәйкес келеді. ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатта осындай ой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауылдық округтердің 87,5%-ы Nur Otan кандидаттарына дауыс берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауының қорытындысы бойынша биыл «Nur Otan» партиясының мүшелері округтердің 87,5%-ында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аяси ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық кеңес: Ауыл әкіміне үміткерді іріктеу талаптары өзгереді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, сарапшы Марат Шибұтов ауыл әкімінің сайлауына үміткерді іріктеу және үгіт-насихат жүргізу талаптарына нақты қандай өзгерістер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай