
Ауыл мектептерінің түлектері үшін ЖОО-ға квота 35% дейін ұлғайтылады - БҒМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, зерттеулердің көбі дарынды оқушыларды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік осал топтағы балаларды да қолдаудың маңыздылығын көрсетеді. Ведомство басшысы бұл жерде меритократия мен инклюзивтіліктің тепе-теңдігін сақтау маңызды екеніне назар аударады. Министр әлеуметтік желідегі парақшасында мектептерде, колледждер мен университеттерде осы теңестіруге қатысты енгізіліп жатқан өзгерістер туралы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мамандық таңдауда қателеспеу үшін не істеу керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мектеп бітірген түлектердің бірі қалаған мамандығын таңдаса, енді бірі тегін оқу үшін өз икеміне сәйкес келмейтін мамандықты таңдауға мәжбүр. Соның салдарынан сонша уақытын сарп етіп оқыған мамандығы бойынша жұмыс істемей, мүлдем басқа салаға кететіндер де аз емес. Осы орайда, оқу жылы аяқталар тұста биылғы түлектерге «көмек» болсын деген ниетпен мамандық таңдау бағытында материал дайындауды жөн санадық.

СҚО-да мұқтаж отбасы балаларының жазғы лагерьде демалуына 71 млн теңге бөлінді
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл 69 мың оқушыны жазғы демалыспен қамту жоспарланған. Соның ішінде аз қамтылған отбасынан шыққан 11 мыңға жуық бала лагерьде тегін демалады. Осы мақсатқа жергілікті қазынадан 71 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа оқу жылынан бастап ұлдар мен қыздар дене шынықтыру пәнін бөлек өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы оқу жылынан бастап дене шынықтыру және технология пәні қыз және ұл балалар үшін бөлек өткізіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да мектеп бітіру кешін кафеде өткізуге, мұғалімдерге сыйлық беруге тыйым салынды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында соңғы қоңырау мерекесі биыл дәстүрлі түрде өтеді. Ата-аналар мен түлектердің ысырапшылдыққа жол бермеуі үшін білім басқармасы бұл мейрамға қатысты бірқатар талапты бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алтын белгіге» үміткер ҰБТ-да төмен балл алса, мектеп басшылығы жауапқа тартылады – БҒМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық бірыңғай тестілеуде нашар нәтиже көрсеткен «Алтын белгіге» үміткер оқушы білім алған мектеп басшылығы жұмыстан шығарылуы да мүмкін. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда оқушы зорланған жекеменшік мектеп жұмысынан бірқатар кемшілік анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігі Алматыдағы оқушы зорланған жекеменшік мектептің жұмысына тексеру жүргізіп, бірқатар кемшілікті анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР БҒМ Балалардың құқығын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Аттестациядан өте алмаған мектептің түлектері құжат алмайды» – мәселеге түсінік берілді
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік аттестациядан өте алмаған мектептерге олқылықтарды жоюға бір жылға дейін уақыт берілмек. Осы мерзім ішінде тиісті талаптар орындалмаса – мектеп түлектеріне мемлекеттік білім туралы құжат берілмеуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорда мектептерінде бір психологқа 850 оқушыдан келеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отбасындағы жанжал кәмелетке толмағандар арасында суицид әрекеттеріне себеп болып жатады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Білім және ғылым министрлігі оқушы зорланған жекеменшік мектепті тексереді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен балалар құқықтары жөніндегі штаттан тыс кеңесші Раиса Шер «Мариям» жекеменшік мектебінде оқитын 1-сынып оқушысына қатысты мән-жайды зерттеу үшін Алматыға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да 16 білім беру ұйымының 14-і мемлекеттік аттестациядан өте алмады
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жыл басталғалы 16 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Мектепке дейінгі 5 мекеменің 4-уі және 11 орта мектептің 10-ы талапқа сай еместігі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай