
Үкіметтің сыртқы қарыз үлесі 40% азайды – Наталья Годунова
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкіметтің атынан алынған қарыздың құрылымында ішкі борыштың үлесі артып, сыртқы борыштың үлесі азайған. Бұл туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Парламенттің бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеңілдетілген несиемен көлік беруге 75 млрд теңгенің өтінімі мақұлданды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көлік алуға жеңілдетілген пайызбен несие беру бағдарламасы аясында банктер 75 млрд теңге сомасындағы өтінімдерді мақұлдады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеңілдетілген несиемен 1 мыңнан астам автокөлік сатылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 16 мамырда Қазақстанда автокөлікке жеңілдетілген несие бағдарламасы енгізілді. Төмен пайызбен көлік алғысы келетіндер саны күн санап артып келеді. Алғашқы күндері ірі қалалардағы автосалондарда ұзын-сонар кезек пайда болды. Қазір жағдай тұрақталды. Қазақстан автобизнес қауымдастығының дерегінше, бүгінде 1 мыңнан астам көлік сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспана бағасы инфляцияға ілесіп отырады - сарапшы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықтың қалада өмір сүріп, ұрпақ тәрбиелеуге деген ұмтылысын баспана нарығы қанағаттандыра алмай келе жатқанына біраз жылдың бедері болды. Бұл тұрғыда мемлекеттің ұстанып отырған саясаты тиімді ме? Құрылыс нарығының ойыншылары неге сұранысқа жалпақ жұрттың төлем қабілетіне сай келетін ұсыныспен жауап бермей отыр? ҚазАқпарат тілшісі осы сұрақтарға жауап іздеп көрді.

Көліктің қосымша жабдықтарын мәжбүрлеп қоса сатқан дилер 4,7 млн теңгеге дейін айыппұл төлейді – агенттік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңда мәжбүрлі ассортиментпен тауарларды сатуға тыйым салынған және бұл ахуал тұтынушылар құқығын қорғау органдарының араласуына негіз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халық кредитіне рақымшылық жасалды» - ақпарат фейк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кредиттік рақымшылық жасалғаны және халықтың қарыздары есептен шығарылғаны туралы тараған ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жеке тұлғаның банкроттығы туралы заң мәселені шеше ала ма
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сарапшылар елімізде кредит алғандар мен оны өтей алмай жатқандар саны өскенін айтып жүр. Бұл тұрғыда жақында Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілген «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасының өзектілігі артып отыр.

4%-бен автонесие беру нарықтағы көлік тапшылығы мәселесін шеше алмайды - экономист
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда автокөлік бағасы күн санап өсіп жатыр. Мамандар көлік бағасының шарықтауына әлемді жайлаған пандемия мен көршілес елдердегі геосаяси жағдай себеп болып отырғанын айтады. Өйткені әлем бойынша автомобиль шығаратын зауыттардың өндірісі тоқтап, логистика мәселесі біраз қиындық туғызып отыр.

Банктер 4 пайыздық автонесиенің сақтандыру полисін бірден төлеуді талап ете алмайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан автобизнес қауымдастығының баспасөз хатшысы Станислав О Юн Бем банктер 4 пайыздық автонесиенің сақтандыру полисін бірден төлеуді талап ете алмайтынын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай