
Президент зейнеткерлерге 55 мың теңге төлеу туралы Жарлыққа қол қойды - фейк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Желіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық зейнеткерлерге 55 мың теңге төлеу туралы Жарлыққа қол қойғаны туралы хабарлама таралып жатыр. Бұл – жалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz телеграм каналына сілтем жасап.

Индустрия министрлігі Қазақстанда көмір тиелген Ресей вагондарының бұғатталғаны туралы ақпаратты жоққа шығары
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ТМД медиа-кеңістігінде Қазақстан өз аумағында көмір тиелген ресейлік 1700 теміржол вагонының қозғалысын бұғаттаған деген ақпарат таралуда.Бұл хабарламалар шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ҚазАқпарат Индустрия министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еңбек министрлігі әйелдердің зейнет жасын төмендету туралы ақпарат жалған екенін хабарлады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ҚР Президентінің Жарлығымен 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 58 жасқа дейін төмендетілетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ҚазАқпарат Еңбек министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚазМұнайГаз-дың жаңа инвестициялық қоры туралы жалған ақпарат тарады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазМұнайГаз» компаниясы жанынан құрылған жаңа инвестициялық қорға ақша салғандар айына 3 000 долларға дейін пассивті пайда табады. Бұл – жалған жарнама, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz телеграм каналына сілтем жасап.

Желіде жәшікке бюллетень салудың ескі видеосы тарап жатқаны анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Telegram арналарында бюллетеньдерді дауыс беруге арналған жәшікке салу барысы көрсетілген бейнеролик тарады. Бұған қоса, бейнежазбаның бүгін республикалық референдум барысында түсірілгені айтылды. Бұл – жалған ақпарат, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz телеграм каналына сілтем жасап.

Референдумда бюллетеньдерді өшіп қалатын сиямен толтыру ұсынылды – фейк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазнетте «бүгін республикалық референдумда түсірілген» деген ролик жарияланды. Кадрларда ер адам бюллетеньге белгі қойып, оны отпен күйдірген кезде жазу жоғалады. Автордың пайымдауынша, дауыс беру кабиналарына осындай өшіп қалатын сиясы бар қаламдарды әдейі қойған. Бұл ақпарат – фейк, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz телеграм каналына сілтем жасап.

Антикордың жалған қызметкері Нұрбол Кәрімов қамауда - агенттік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желілерде бұдан бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстаған Нұрбол Кәрімов Instagram-да тікелей эфирге шығып, Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні тоқтатты деген видео тарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Маймыл шешегі ауруынан 271 млн адам өледі» - ақпарат фейк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Интернет-пайдаланушылар маймыл шешегі ауруының таралу сценарийі жазылған құжатпен бөлісуде. Онда келесі жылы инфекция салдарынан әлем бойынша 271 млн адам көз жұмады. Stopfake.kz сайтының жазуынша, бұл ақпарат жалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Референдумда қазақ және орыстілді халық саны есептеледі» - ақпарат фейк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде референдумда қазақ тілінде жазылған бюллетеньді толтыруға шақыратын ақпарат тарады. Бюллетеньдерге қарап, елдің қазақтілді және орыстілді халқының пайызы есептеледі-мыс. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1-сыныпқа қабылдау үшін баланың интимдік өмірінен анықтама қажет» - ақпарат фейк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Telegram-арналарда балаларды мектепке бірінші сыныпқа қабылдау үшін өзге құжаттармен бірге саусақ іздерінің таңбасы және интимдік өмірі туралы анықтама талап етілетіні туралы ақпарат тарады. Stopfake.kz сайты анықтағандай, Қазақстан мектептерінде мұндай талаптар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халық кредитіне рақымшылық жасалды» - ақпарат фейк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кредиттік рақымшылық жасалғаны және халықтың қарыздары есептен шығарылғаны туралы тараған ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасының отбасын өмір бойы ел салығына асырау мәселесі референдумға шығарылады - фейк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Telegram-чаттарда 5 маусымда өтетін референдумда Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мүшелеріне қол сұғылмайтынына кепілдік беретін және өмір бойы халықтың салығы есебінен асырауға мүмкіндік беретін түзетулер қабылданатыны жайлы ақпарат тарады. Бұл жалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Stopfake.kz ресурсына сілтеме жасап.

«Референдумда дауыс бере отырып, адамдар өздерін қабілетсіз деп таниды» - фейк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде биыл 5 маусымда өтетін республикалық референдумды талқылауда. Кейбір пайдаланушылардың пайымдауынша, дауыс бере отырып, адамдар өздерін қабілетсіз деп таниды, демек референдумға қатысуға болмайды. Stopfake.kz сайтының жазуынша, бұл – жалған мәлімет, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай