
Кореяда жүк көлігі мен автобус соқтығысып, 1 адам қаза тапты, 10-ы жарақаттанды
ПАНДЖУ. YONHAP-ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Сеулден солтүстікке қарай 30 шақырым жерде орналасқан Паджу қаласында драма түсіру тобы мінген автобус самосвалға соғылып, бір адам қаза тапты, 10 адам жарақат алды, олардың үшеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

1 сәуірден бастап қазақстандықтар Кореяға визасыз бара алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы қазақстандық азаматтарға қатысты визалық талаптарды өзара жою туралы келісімнің қолданысын жаңғырту қалпына келтіріледі. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

Ауғанстаннан Кореяға эвакуацияланған 85 оқушы жергілікті мектептерде оқитын болды
УЛСАН. YONHAP-ҚазАқпарат - Өткен жылы тәліптерден қашып Оңтүстік Кореяны паналаған ондаған ауғандық мектеп оқушысы дүйсенбі күні елдің оңтүстік-шығысындағы Ульсан қаласындағы жергілікті мектептерге барды. Бұл туралы ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оңтүстік Кореядағы президент сайлауында оппозиция өкілі жеңіске жетті
СЕУЛ. Yonhap- ҚазАқпарат – Корея Республикасында оппозиция партиясының кандидаты Юн Сок Ёл президенттік сайлауда жеңіске жетті. Бұл туралы бейсенбі күні Кореяның Орталық сайлау комитеті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Сеулде сайлауалды науқан кезінде биліктегі партия басшысын балғамен ұрған
СЕУЛ. YONHAP- ҚазАқпарат - Сеулде сайлауалды науқан кезінде 70 жастағы қарт биліктегі Демократиялық партияның (ДП) төрағасы Сон Ён Гильге балғамен шабуыл жасап, оны жарақаттаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Кореядағы алапат орман өртін 44 тікұшақ пен 4 мың адам сөндіре алмай жатыр
СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат – Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин жексенбі күні жаппай орман өртінен зардап шеккен шығыс жағалау өңірін «ерекше апат аймағы» деп жариялады және зардап шеккендерге үкіметтік қолдау көрсетуге уәде берді. Бұл туралы ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кореяда COVID-19 жұқтырғандар саны үш күн қатарынан 240 мыңнан асты
СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяда өте жұқпалы омикрон штамының тез таралуы салдарынан күнделікті коронавирус жұқтырғандар саны үшінші күн қатарынан 240 мыңнан жоғары болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Кореяда зауыт ғимаратындағы алапат өртті кешеден бері сөндіре алмай жатыр
УЛЬСАН. YONHAP-ҚазАқпарат – Өрт сөндірушілер Кореяның оңтүстік-шығысындағы Ульсан қаласында жексенбі күні синтетикалық талшық шығаратын зауыттан шыққан өртті сөндірумен айналысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Кореяда індет өршіп тұр: тұрғындардың автобусқа отыруына тыйым салынды
СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат – Оңтүстік Корея бейсенбі күні шетелден омикрон штамының келуінің алдын алу мақсатында тұрғындарына қоғамдық көлікті пайдалануға тыйым салатынын мәлімдеді. Елде шетелден вирус жұқтырып келгендер қатары рекордтық деңгейге жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай