
Ауған тележүргізушілері әйел әріптестерін қолдап, эфирге маска тағып шықты
КАБУЛ. ҚазАқпарат – «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда және бірқатар өзге мемлекетте тыйым салынған) теледидарда қызмет ететін әйелдерге бет-әлпетті жабуға міндеттейтін жарлық шығарғаннан кейін, Ауғанстанның TOLOnews телеарнасының жүргізуші ер адамдары әріптестеріне қолдау білдіріп, эфирге маска тағып шықты. ҚазАқпарат тілшісі бұл туралы ауған телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Конституцияға түзету ықпалды Парламенті бар республикаға көшуді бекітеді - сенатор
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Конституцияға түзету суперпрезиденттік басқару формасынан ықпалды Парламенті мен есеп беретін Үкіметі бар республикаға көшуді бекітуге арналған. Бұл туралы Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед БҰҰ Орталық Азиядағы босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының өкілі Ханс Шоддермен кездесуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқапарат.

Өзбекстан Ауғанстан аумағынан зымыранмен атқылады деген ақпаратты жоққа шығарды
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан Ауғанстан аумағынан әскери нысандарға шабуыл болғанын жоққа шығарды. Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Қазақстан Ауғанстан бойынша ҰҚШҰ жұмыс тобының отырысына қатысты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Талғат Қалиев ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі жанындағы Ауғанстан жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейде тәліп үкіметінің алғашқы дипломаты аккредиттелді
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат - Ресей Ауғанстанның жаңа билігі – «Талибан» қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған – авт.) Мәскеуге жіберген алғашқы дипломатына аккредитация берді. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Наурыздан наурызға дейін: Жылдың басты оқиғаларына фотошолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Табиғатпен үндесіп тіршілік еткен, уақыт өлшемін айлар мен амалдың ауысуымен есептейтін, көктемдегі күн мен түннің теңесуін жылдың басы деп білген көшпелі өркениет мұрагері саналатын Қазақ елі үшін тағы бір жыл артта қалды. Бұл жыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихын таразылаған, мерейтой жылы болды. ҚазАқпарат жылдағы дәстүр бойынша наурыздан наурызға дейін болған маңызды оқиғалардың шолуын ұсынады.

Ауғанстаннан Кореяға эвакуацияланған 85 оқушы жергілікті мектептерде оқитын болды
УЛСАН. YONHAP-ҚазАқпарат - Өткен жылы тәліптерден қашып Оңтүстік Кореяны паналаған ондаған ауғандық мектеп оқушысы дүйсенбі күні елдің оңтүстік-шығысындағы Ульсан қаласындағы жергілікті мектептерге барды. Бұл туралы ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әскери қызметшілер Ауған жауынгерлерін еске алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 33 жыл толуына орай іс-шаралар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қр Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауғанстанда қар көшкіні 20 адамның өмірін қиып кетті
КАБУЛ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Ауғанстанның шығысындағы Кунар провинциясында Дангам округінде қар көшкіні салдарынан 20 адам қаза тапты, 15 адамның денесі табылды. Бұл туралы дүйсенбі күні Bakhtar мемлекеттік ақпарат агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Алматы қаласынан 786 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 6 ақпан күні Алматы уақытымен 16 сағат 40 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауғанстан азаматтарын Қазақстанға 2021 жылы жазда әдейі әкелген» - фейк
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Telegram мессенджерінде Ауғанстан азаматтары Қазақстанға өткен жылы жазда Үкіметтің бұйрығымен әкелінгені туралы хабарламалар таратылуда.Оларды Шымкентте орналастырған екен. Бұл – фейк, деп хабарлайды ҚазАқпарат Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай