
Биыл жем-шөп дақылдарының алқабы 448 мың гектарға ұғайтылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл жем-шөп дақылдарының алқабы 448 мың гектарға ұғайтылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың сауалына жауап берген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кепілдендірілген азық базасы жоқ мал шаруашылығы субъектілерін мемлекеттік қолдау орынсыз - министр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кепілдендірілген азық базасынсыз жұмыс істейтін мал шаруашылығы субъектілерін мемлекеттік қолдау орынсыз. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мал шаруашылығын дамытудың тежеуші факторы – жем-шөптің жеткіліксіздігі – министр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мал шаруашылығын дамытудағы тежеуші фактор – жем-шөп базасының жеткіліксіздігі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан темір жолының» үш қызметкері вагоннан астық ұрлаған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның үш қызметкері вагоннан астық ұрлағаны үшін сотталды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстауда малдың қысқы жем-шөбі қалай әзірленіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында қысқы мал азығы үшін 77 мың тонна шөп пен 53 мың тонна жем қажет және оның басым бөлігі жеткізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде өңір әкімі Нұрлан Ноғаев баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысында 120 мың гектарға жуық жайылымдық жер пайдалануға берілді
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жүргізілген түгендеу жұмыстары барысында 43,8 мың гектар жердің пайдаланылмай жатқаны анықталды. Қазіргі таңда, оның 17,9 мың гектарын жер иелері өз еріктерімен мемлекет меншігіне қайтарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында күзгі дала жұмыстары қарқынды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының кәсіпкерлері егіншілікпен белсенді түрде айналысып, мемлекет тарапынан берілген барлық мүмкіндікті пайдаланып келеді. Шаруалар үшін «ОҢТҮСТІК» АИО» ЖШС күзгі дала жұмыстарын да қаржыландыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл елімізде 23,4 млн тонна жемшөп дайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінде елімізде қысқы мал азығын дайындау қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда жемшөптің 98 пайызы дайын және қазан айының ортасында бұл науқан толық аяқталады деп күтілуде. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл жем-шөп даярлау жоспары орындалды ма
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мамандар биылғы қуаңшылық ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар мәселелерді анықтады деп санайды. Осы орайда егістіктер мен жайылым жерлердің құнарлығының төмендеуі, жем-шөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейту сияқты тақырыптар жиі көтерілді. Ауыл шаруашылығы министрлігі осы саладағы жағдайға байланысты түсінік берді.

Маңғыстау облысына мал азығы жеңілдетілген тарифпен жеткізіледі
АҚТАУ. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Маңғыстау облысы әкімдігінің сұранысы бойынша осы жылдың бірінші қарашасына дейін жемшөп тасымалдауға жеңілдік енгізу жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай