
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 3 еседен астам өсті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-сұлтанда Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 18-ші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сауда және интеграция миннистрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азық-түлік неге қымбаттап жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресей мен Украина арасындағы геосаяси жағдай әлемдік азық-түлік қауіпсіздігіне, энергетика және қаржы саласына айтарлықтай кері әcер етіп отыр. Бұған дейін мамандар көрші елдердегі жайттарға байланысты әлемде аштық болуы мүмкін екенін айтқан еді. Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасының бағалауынша, зардап шегетін адамдар саны пандемияға дейінгі 135 миллионнан соңғы екі жыл ішінде 276 миллионға дейін жетіп, екі есеге өскен. Бірақ өкінішке қарай, Украинадағы жағдайдың салдарынан бұл сан 2022 жылы 323 миллионға дейін артуы мүмкін екені болжанып отыр. Осыдан-ақ жағдайдың әлемдік деңгейде ушығып кеткенін көруге болады.

Қытаймен арадағы тауар айналымы бойынша статистикалық деректердің алшақтығы төмендеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Былтыр Қытаймен арадағы тауар айналымы бойынша статистикалық деректердің алшақтығы төмендеді. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарау кезінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да санитар дәрігерлер мониторинг барысында тұтынушыны алдау фактілерін анықтады
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында санитар дәрігерлер жыл басынан бері 1,5 мыңға жуық өнім үлгісін сараптамадан өткізіп, оның 16,5 %-ының талапқа сай келмейтінін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан мен Болгария арасындағы тауар айналымы өткен жылы 390,8 млн долларға жетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылы Қазақстан мен Болгария арасындағы тауар айналымы 390,8 млн АҚШ долларына жетті. 2022 жылдың алғашқы 3 айында бұл көрсеткіш 36,65 млн. АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа белес: Қазақстан мен Қырғызстан басшылары қандай келісімге келді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстан мен Қырғызстан елдерінің дипломатиялық қатынас орнатқанына 30 жыл толып отыр. Ширек ғасырдан астам уақыт бойы қос мемлекет барлық салада өзара байланысты нығайтуға баса назар аударып келеді. Әсіресе, экономика, мәдениет, инвестиция саласындағы ынтымақтастық жыл өткен сайын артып жатыр. Мәселен, былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 1 миллиард долларды құрады. Ендігі мақсат – тауар айналымын 2 миллиард долларға дейін жеткізу болып отыр.

Қазақстан ЕАЭО елдеріне қандай тауар түрлерін экспорттайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразия экономикалық одағына мүше елдер арасында тауар айналымының тұрақты өсімі байқалады. Атап айтқанда, 2017 жылы көрсеткіш 407 болса, 2021 жылдың соңына қарай аталған көрсеткіш 446-ға жеткен. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Әбенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытай Қазақстан арқылы Еуропаға жаңа аралас жүк бағытын іске қосты
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың солтүстіктегі Сиань қаласынан Германияның Мангейм қаласына жаңа жүк пойызы бағыты іске қосылды. Ұзындығы 11,3 мың шақырымды құрайтын жол Қазақстан арқылы өтеді, оның ішінде Каспий мен Қара теңіздерді кесіп өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай