
Мемлекет берген субсидияға туған-туыстардың пәтерін жалдауға болмайды – Отбасы банк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осыған дейін басқа санат бойынша үй кезегінде тұрған кей қазақстандықтарға жаңадан басталған жалға берілетін баспана субсидиясын алуға рұқсат беру мүмкіндігі қаралады. Бұл туралы Отбасы банк АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Алматыда 696 әйел көпбалалы ана атанды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында биыл көпбалалы аналар қатары тағы 696 әйелмен толықты, оның 318-і әлеуметтік жәрдемақы алуға қызметті онлайн рәсімдеген. Осы және өзге де мәселелер туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК Алматы филиалының баспасөз хатшысы Жаңыл Әпетова сұхбат барысында ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

Алматыда қанша отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға қандай жағдайда атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл туралы Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының отбасылық әл-ауқат бөлімінің бас маманы Жанар Сейфуллина айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АҚШ өкілдері Қазақстанның әйел құқығын қорғау бағытындағы жетістіктерін жоғары бағалады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 16 наурызда БҰҰ Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссиясының 66-шы сессиясының жұмысына қатысқан қазақстандық делегацияның сапары барысында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ләззат Рамазанова Вашингтонға ресми сапармен барды.

Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қосымша бөлме бөлінеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық әктілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін тұрғын үй бөлу кезінде қосымша бөлме бөлу көзделген, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай