
Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты алғашқы интерндер легін шығарды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институты интернатура бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған дәрігерлерге диплом тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Вакцина болмағанда әлемде короннавирустан 31,4 миллион адам қайтыс болатын еді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Вакцина болмағанда әлемде короннавирустан 31,4 миллион адам қайтыс болатын еді. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналынан мәлім болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Пандемиядан пандемияға: әлем елдеріндегі шектеу шаралары күшейтілуі мүмкін бе
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны қайта арта түсті. Our World in Data-ның дерегіне сәйкес, бүгінде COVID-19-ға шалдыққандар саны 542 млн-нан асып отыр. Ал қайтыс болғандар саны 6,33 млн-ға жеткен. Мамандар коронавирустың қайта ушығуын жаңа BA.4 және BA.5 нұсқаларының таралуымен байланыстырады. Бұл штамдар қазірдің өзінде Еуропаның бірнеше еліне таралып үлгерді. Сонымен қоса коронавирус әлемді алаңдатып отырған жалғыз ауру емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау желісі маймыл шешегін де пандемия деп жариялады. Енді сарапшылар шектеу шараларының күшейтілуі мүмкін екенін айтып отыр. Толығырақ ҚазАқпарат сарапшысының материалында.

МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған қазақстандықтарға 12 айлық жарна төленеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда МӘМС-ке тіркелмегендерді жүйеге тартудың баламалы тетігін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елордада өткен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаһарман фельдшер: Марат Мейрамбек Денсаулық сақтау ісінің үздігі төсбелгісімен марапатталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Қызылорда облыстық жедел жәрдем станциясының медициналық авиация бөлімшесінің фельдшері Марат Мейрамбек Денсаулық сақтау ісінің үздігі төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Елімізде арнайы жағдайды қажет ететін балалардың саны 170 мыңнан асады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде арнайы жағдай жасауды қажет ететін мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 170 мыңнан асады. Бұл туралы «Арнаулы және инклюзив білім беруді дамыту ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы» РМК басшысы Әйгерім Күдеринова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нариман Табынбаев орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері лауазымына ауысуына байланысты Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат шаһар басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы қанша адам егілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19 маусымға дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 519 079 адам, екінші компонентін 9 298 376 адам салдырды. ҚазАқпарат бұл туралы коронавирустың таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап хабарлайды.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай