
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда Қазақстан Мәдени орталығы ашылады. Өз кезегінде Қазақстанда да Қытайдың осындай орталығы қызмет көрсететін болады. Мұндай келісім Бейжіңде Қазақстан елшісі Шахрат Нұрышевтің ҚХР Мәдениет және туризм министрі Ху Хэпинмен кездесуінде қол жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Анкарада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған жиын өтті
АНКАРА. ҚазАқпарат - Анкарада қазақ тілін зерттеуші ғалым әрі әдебиет қайраткері, «Алаш» қозғалысының белді мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрдігіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Түркияның Бауырластық аллеясы кеңейе түсті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қос бауырлас ел – Түркия мен Қазақстан дипломатиялық қатынастарының орнағанына биыл 30 жыл толуына орай, елордадағы «Бауырластық аллеясына» 30 түп ағаш отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркия елшілігіне сілтеме жасап.

Бауыржан Момышұлының Ресейдегі құпия құжаттары оның немере інісіне табысталды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жақында Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин Ресей Мемлекеттік саяси-әлеуметтік тарих архивінде «құпия» белгісімен сақталған Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлына қатысты кейбір құжаттарды оның немере інісі Бекет Момынқұлға тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түрікменстан басшысына ҚР Президентінің АӨСШК саммитіне шақыруы табысталды
АШҒАБАТ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Асқар Тәжібаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитіне қатысуға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыру хатын табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Қырғызстанмен тауар айналымын 2 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Қырғызстанмен тауар айналым көлемін 2 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Қырғыз Республикасыныңелшісі Дастан Дюшекеевпен кездесу барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Президенті Қытаймен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселесін талқылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Шахрат Нұрышевты қабылдады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ санкциялардың Қазақстанға әсерін барынша жұмсартуға тырысады - ҚР СІМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсерін барынша жұмсартуға тырысады. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Узра Зеямен кездесуден кейінгі брифингіде ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дархан Кәлетаев Молдовадағы Қазақстан Елшісі қызметінен босатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды. Бұл туралы Ақордадан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Армения Президенті Қазақстандағы реформаларды қолдады
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен кездесіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының негізгі қағидалары туралы хабардар етті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Елшісі Бангладеш Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
ДАККА. ҚазАқпарат – Қазақстанның Үндістандағы және Бангладеш Халық Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Нұрлан Жалғасбаев Бангладеш Президенті Абдул Хамидке сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлихан Смайылов Швейцария елшісімен теміржол саласындағы ынтымақтастықты талқылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Швейцария елшісі Давид Грифтингпен кездесіп, теміржол саласындағы стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. ҚазАқпарат бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Кувейтке ресми сапармен барды
ЭЛЬ-КУВЕЙТ. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Кувейтке алғашқы ресми сапармен келді. Сапар аясында сыртқы саяси ведомствосының басшысы Кувейт Сыртқы істер министрі шейх Ахмед Насер ас-Сабахпен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресей дәрігерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде коронавирус инфекциясымен күресуде қазақстандық әріптестеріне көмектескен ресейлік дәрігерлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай