
Қазақстандықтар депозит ашып, баласын университетте оқытуға ақша жинай алады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақстандықтар мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында 21 мыңнан астам білім депозитін ашты. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алпамыс Сатыбалдин мәлім етті.

Алексей Цой: Қазақстан коронавируспен ауырған адамдар саны бойынша әлемде 110-орында тұр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан коронавируспен сырқаттанушылық бойынша әлемнің 222 елі ішінде 110-орында тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Pfizer-дің бірінші компонентін 128 174 жасөспірім салғызды - министр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде Comirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші компонентін 128 174 жасөспірім, 31 747 жүкті және бала емізетін әйел алған. Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осындай мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алексей Цой заманауи стандартты зертхана не үшін керектігін айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет отырсының кулуарында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға Жамбыл облысында Жамбыл облысының Қордай ауданында «BSL-4» стандартты биологиялық зертхана салу не үшін қажет екені туралы сұрақ қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай