
Наурыздан наурызға дейін: Жылдың басты оқиғаларына фотошолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Табиғатпен үндесіп тіршілік еткен, уақыт өлшемін айлар мен амалдың ауысуымен есептейтін, көктемдегі күн мен түннің теңесуін жылдың басы деп білген көшпелі өркениет мұрагері саналатын Қазақ елі үшін тағы бір жыл артта қалды. Бұл жыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихын таразылаған, мерейтой жылы болды. ҚазАқпарат жылдағы дәстүр бойынша наурыздан наурызға дейін болған маңызды оқиғалардың шолуын ұсынады.

Президент: Сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғалары мемлекеттілігіміз үшін зор сынақ болды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Білім саласындағы Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президенттің былтырғы қыркүйектегі Жолдауындағы тапсырмалар қалай орындалып жатыр? Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде осы мәселе төңірегінде жан-жақты мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жолдау-2021: Президент тапсырмалары қалай орындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы 1 қыркүйекте «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты халыққа кезекті Жолдауын жариялаған еді. Президент Жолдауында пандемия салдарынан теңселіске түскен ел экономикасын нығайту, халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсарту, аграрлық секторды дамыту, ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру, мәдениет қызметкерлері, мұрағатшы, кітапханашы және техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілер және басқалардың жалақысын алдағы төрт жылда 20 пайыздан өсіріп отыру секілді мәселелерді қозғады. Зейнетақы жинағының жеткілікті мөлшер шегінен асатын бөлігін тұрғын-үй сатып алу мақсатында «Отбасы банкіндегі» есепшотқа аударуға рұқсат беру туралы да осы Жолдауда айтылды.

Қалаларды сапалы жоспарлау Berekeli bastama платформасында талқыланады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда қалалар аумағын сапалы жоспарлау стандарттары енгізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңызды әлеуметтік бастамалары: Ауқымы мен тиімділігі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы 2021 жылы 1 қыркүйектегі Жолдауында халқымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бес бастаманы жариялады. Олардың кейбірін Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алаңында ұсынған болатын. Атап айтқанда, әлеуметтік қолдау бағытында олардың қайсылары іске асырылғанын «ҚазАқпарат» ХАА материалынан оқи аласыздар.

Мәжіліс саяси партиялар туралы құжатта квоталанатын санаттарды кеңейтуді талқылайды
НҰР-СҰЛТАН. Қазақпарат – Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасын талқылайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпкерлікті дамытудың жаңа тұжырымдамасы нені көздейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың қыркүйегінде өткен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VIII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен «Атамекен» бірлесіп, шағын және орта бизнесті дамытудың жаңа стратегиясын әзірлеуі қажеттігін айтқан болатын. Сондай-ақ ҚР Президенті Шағын және орта бизнесті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдауды тапсырған еді.
Білім министрлігінде сапасы төмен университеттерге қатысты «қара тізім» жоқ - Асхат Аймағамбетов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім беру саласы елдің дамуындағы маңызды саланың бірі екені түсінікті. Президент биылғы Жолдауында да осы салаға қатысты ерекше тоқталып өтті. Бұл тұрғыда білім беру бағытында жұмыстар қалай жүріп жатыр, жұмыс жоспары қандай және ҚазАқпараттың өзге де сұрақтарына Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді.

«Халық қатысатын бюджет» жобасында қандай қадамдар қамтылған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықтың мемлекеттік қаржыны басқару мен бақылауға қатысуына бағытталған бюджеттеудің жаңа тәжірибелерін кеңінен енгізуге қатысты елімізде тиісті бастамалар іске асырылып жатыр. Осы орайда бұл бағыттағы жаңа қадамдарға қатысты ҚР Қаржы министрлігі түсінік берді.

Еліміздің өнеркәсіптік саясаты қалай өзгереді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында өңдеу өнеркәсібін дамытудың қағидаттарын, мақсаттары мен міндеттерін белгілейтін «Өнеркәсіптік саясат туралы» бірізді заң әзірлеуді Үкіметке тапсырған болатын.
1 қаңтардан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы өседі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметі Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізілу туралы қаулыны қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай