
Бір жылда 4 млн тоннадан астам бензин және 2 млн тонна дизель сатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылы Қазақстанда 6,4 мыңға жуық автожанармай құю, автогаз толтыру және автогаз толтыру компрессорлық станциясы жұмыс істеді. Бұл 2020 жылға қарағанда 1,5% артық. Оның ішінде ауылдық жерлерде 2,1 мың станса болды, жыл ішіндегі өсім - 1,2%, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еnergyprom ресурсына сілтеме жасап.

Бензинге сұраныстың болмауынан Жапонияда мұнай зауыты жабылып жатыр
БАКУ. ҚазАқпарат – Жапонияда көлемі жағынан екінші тұрған ірі мұнай өңдеу компаниясы елде бензинге сұраныстың төмендеуінен өзінің негізгі мұнай өңдеу зауытының бірін жабады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі The Mainichi Newspapers-ке сілтеме жасап.

Қытай бензин мен дизельдік отын бағасын жыл басынан оныншы рет көтерді
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай мемлекеттік реттеуіші 2022 жыл басталғалы бері бензин мен дизельдік отынның бөлшек бағасын оныншы рет көтеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі ҚХР даму және реформалар істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің (ДРІМК) мәліметіне сілтеме жасап.

Шаруаларға 400 мың тонна дизель отыны арзан бағада беріледі – министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне арзандатылған бағамен дизель отыны бөлінді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстаннан бензин мен дизель шығаруға салынған тыйым тағы 6 айға ұзарады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстаннан бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің басқа да жекелеген түрлерін әкету тыйымы тағы 6 айға ұзарады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дизель отыны нарығындағы бөлшек саудада 12 тергеу жүргізілуде - Серік Жұманғарин
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Күн сайын сұйытылған мұнай газының өткізу бағаларына мониторинг жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мағзұм Мырзағалиев: Дизель бағасы арзан болса, ЕАЭО нарығына көлеңкелі импорт көбейеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Еуразиялық экономикалық одақ нарығының Қазақстандағы дизель бағасына қалай әсер етіп отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай