
1 шілдеден бастап Қазақстан мен Қытай арасында әуе рейстері қайта жанданады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы елшілігімен бірлесіп, Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты жолаушылар әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін пысықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жолаушы құқығы: әуе рейсі кешіктірілгенде қойылатын талаптар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жазғы демалыс маусымы келіп, жолаушылардың жүріс-тұрысы көбейді. Қазақстанның ішкі рейстерінде де, шетел бағыттарында да саяхатшылар қатары қалың. Маусым басталғалы жүздеген туристің ұшақ күтіп, әуежайда сағаттап отырып қалған жағдайлары да болды. Осы орайда, ҚазАқпарат «Эйр Астана» компаниясына сілтеме жасай отырып, әуе рейсі кешіккен жолаушының қандай құқығы барын хабарлайды.

Жыл басынан бері әуе компаниялары 2,6 млн жолаушыны тасымалдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Отандық әуекомпаниялар биылғы қаңтар-сәуір айларында ішкі бағытта - 2 млн жолаушы (2021 жылы – 2,2 млн, 2020 жылы – 1,2 млн жолаушы), халықаралық бағытта - 622 мың жолаушы (2021 жылы - 468 мың, 2020 жылы - 431 мың) тасымалдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда «Kids Go Free» жобасы қалай жұмыс істейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елімізде «Kids Go Free» жобасы пилоттық режимде іске қосылды. Аталған бағдарлама 2-17 жастағы балалар мен жасөспірімдерге ел ішінде саяхат жасағанда тегін ұшуға мүмкіндік береді. Осы орайда жаңа жобаның тиімді және тиімсіз тұстары туралы ҚазАқпарат тілшісі «Kazakh Tourism» АҚ ұлттық компаниясының басқарушы директоры Даниель Сержанұлымен тілдескен еді.

Әуе компаниялары ұшуға тыйым салынған жолаушылар тізімін қалай жасайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда әуе компаниялары ұшуға шектеу қойылған жолаушылардың жеке тізімін жасай алады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Мәжілісте айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақыт Сұлтановтың іссапарға арнайы борт пайдалануының себептері түсіндірілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың іссапарлары көп жағдайда эконом-класспен жүргізіледі. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі артты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бельгия астанасы Брюссель қаласында ЕО-ға мүше 27 елдің авиациялық билік орындары басшыларының қатысуымен Еуропалық Одақтың Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР ИИДм баспасөз қызметі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай