
Қазақстанның экология саласындағы бастамаларына қолдау жасалады - БҰҰ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – БҰҰ климат саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан бастамаларына қолдау жасайды. Бұл туралы БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үлейстірушісі Микаэла Фриберг-Стори мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда жабық мекемеде маска тағып жүру талабы алынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. ҚазАқпарат бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа Су кодексін халықпен бірге талқылап қана әзірлеуіміз керек – Мәжіліс депутаты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, климаттың өзгеруін халықаралық деңгейде зерттеп жүрген жас ғалым Зүлфия Сүлейменова жаңа Су кодексінің болашақ жобасы туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдағы үш жылда Аралдың құрғаған бөлігіне 1,1 млн гектар сексеуіл егіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құмды және сортаң жерлерде өсетін сексеуіл - шөлге төзімді, адам мен қоршаған ортаға пайдасы қашан да ұшан-теңіз болған. Қазір де солай. Діңі мен бұтақтары қатты, тамыры тереңнен су соратын ол шаңды дауылға төтеп бере алады, жерді сор мен құм құрсауынан сақтайды.

Президент кеңесшісі: Қазақстан климаттың өзгеруін назарда ұстауы керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ұлт мүддесі» бағдарламасында ҚР Президентінің Экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сэр Сума Чакрабарти климаттың құбылуы да экономикаға пандемиядан кем соқпайтын зардап әкелуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырғызылған көшеттердің қанша пайызы жерсініп кетеді: Министрлік жауабы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел аумағында жыл сайын көктем мен күзде ағаш отырғызу акциясы қарқынды жүріп келеді. Осы орайда сол отырғызылған ағаш түптерінің қанша пайызы жерсініп, нәтижесін беріп жатыр? Бұл сұраққа ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Қазақстанда заңсыз ағаш кесудің 100-ден астам фактісі анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елімізде орман ағашын заңсыз кесудің 111 фактісі тіркелді. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ерлан Құтпанбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл елімізде 12 млрд теңгеге 130 млн ағаш отырғызылды – министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстанда 130 млн ағаш отырғызылды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай