
Қазақстан Ыстықкөлдегі күн электр станциясы құрылысына капитал салмақ
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қазақстан барлық міндеттемелерін толық орындауға және маңызды жобаларды бірлесе іске асыруға дайын. Бұл туралы Қазақстан мен Қырғызстан Президенттерінің бұқаралық ақпарат құралдары үшін өткен брифингі барысында Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

2040 жылға қарай Қазақстанда су тұтыну көлемі 56 пайызға өседі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы 20 жылда елдегі су тұтыну мөлшері 56 пайызға ұлаюы мүмкін. Бүгін Үкімет отырысында егіс суару маусымына дайындық шаралары талқыланған болатын. Отырыстан кейін екі бірдей министрдің аузынан Балқаш көлінің келешегіне қатысты маңызды мәліметтер айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Су үнемдеу технологиясын қолданатын шаруаларға басымдық беріледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шаруаларды заманауи су үнемдеу технологияларын қолдануға ынталандыру үшін мемлекеттік қолдау шаралары көзделген. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шардара су қоймасына келетін су көлемі 2,5 есе ұлғайды – министр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Шардараға 5 млрд текше метр су жинауға мүмкіндік бар. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, бұған былтыр қараша айынан бастап қолға алынған шаралар мен қолайлы климаттық жағдай мүмкіндік туғызы тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Су ресурстары жүйесін дамытуға қатысты білім беру бағдарламалары жаңартылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Су ресурстарын басқару жүйесін дамытуға қатысты білім беру бағдарламаларын жаңарту жоспарланған. Бұл туралы сенаторлардың депутаттық сауалына жолдаған жауабында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде су ресурстарын басқару жөніндегі жеке мемлекеттік орган құрылмайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде су ресурстарын басқару жөніндегі жеке мемлекеттік орган құру жоспарланбаған. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгеоақпарат» және «Қазгеология» мекемелерін біріктіру арқылы Ұлттық геологиялық қызмет құрылады. Бұл жайында «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» ЖШС бас директоры Жанат Кәрібаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТЖ мамандары 26 653 балаға суда жүзуді үйретті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде төтенше жағдайлар қызметінің мамандары балаларды суда жүзуге үйретіп жатыр. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтар шомылуға болатын орындарды мобильді қосымша арқылы біле алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ендігі уақытта қазақстандықтар шомылуға рұқсат берілген немесе тыйым салынған су айдындары туралы мәліметті мобильді қосымшаның көмегімен анықтай алады. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай