
Қазақстан физика пәнінен ХХІІ Азия олимпиадасында үздік үштікке енді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық оқушылар физика пәнінен ХХІІ Азия олимпиадасында 5 медаль жеңіп алып, үздік үштікке енді. Ұлттық құрама қоржынында 1 күміс және 4 қола медаль бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Бейжің Олимпиадасында ту ұстап шыққан қазақ спортшыларының киімі ХОК мәдение мұрасына енді
ЛОЗАННА. ҚазАқпарат - Бүгін, 18 мамыр күні Лозаннада Бейжің Олимпиадасында Қазақстан құрамасының Ту ұстаушылары Абзал Әжіғалиев пен Екатерина Айдованың ашылу салтанатындағы формаларын Олимпиада мұражайына ресми табыстау рәсімі өтті. Бұл жайында Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Өңірлерде спорт құрамаларының дайындығы бей-берекет жүріп жатыр - министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел аймақтарында спорттық құрамалардың дайындығы мәз емес. Сонымен қоса спортшыларды жас ерекшелігіне қарай жаттықтыратын бапкерлер жоқтың қасы. Аталған мәселені ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда спорттан академиялық жаттығу орталығы ашылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жаңа академиялық оқу-жаттығу орталығы пайдалануға беріледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда бірқатар спортта бас бапкерлер қызметінен босатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде бірқатар спорт түрі бойынша бас жаттықтырушылар жұмысынан босатылды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде спорттың 15 түрін іріктеп, соларды дамытуға ерекше күш салады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде дамуына басым бағыт беретін спорт түрлерінің тізімі жасалды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордадан 10 спортшы Олимпиада лицензиясынан үміткер ретінде тіркелді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің 10 спортшысы алдағы Олипиада ойындарына лицензия иемденуге үміткер ретінде тіркелді. Бұл туралы қалалық мәслихаттың отырысында Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық 40 оқушы Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасының жеңімпазы атанды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық 40 оқушы Халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды. Еліміздің ұлттық құрамасының қоржынында 5 алтын, 13 күміс және 22қола медаль бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР БҒМ баспаөз қызметіне сілтеме жасап.

Олимпиада алтынынан айыруға байланысты Ауыр атлетика федерациясы ресми мәлімдеме жасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылғы 22 наурызда спорт төрелік сотының (CAS) допингке қарсы департаменті 2021 жылғы тамызда өткен тыңдау қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы Нижат Рахимовтың допинг мәселесіне қатысты ісі туралы шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыр атлет Нижат Рахимов Олимпиада алтынынан айырылып, 8 жылға спорттан шеттетілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Спорт арбитраж соты (CAS) қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимовты допингке қарсы талаптарды бұзғаны үшін 8 жылға спорттан шеттетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz ресурсына сілтеме жасап.

Наурыздан наурызға дейін: Жылдың басты оқиғаларына фотошолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Табиғатпен үндесіп тіршілік еткен, уақыт өлшемін айлар мен амалдың ауысуымен есептейтін, көктемдегі күн мен түннің теңесуін жылдың басы деп білген көшпелі өркениет мұрагері саналатын Қазақ елі үшін тағы бір жыл артта қалды. Бұл жыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихын таразылаған, мерейтой жылы болды. ҚазАқпарат жылдағы дәстүр бойынша наурыздан наурызға дейін болған маңызды оқиғалардың шолуын ұсынады.

Бейжің паралимпиадасына қатысуға қанша қаражат жұмсалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Бейжіңдегі паралимпиада ойындарына қатысу үшін қанша қаражат жұмсалғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай