
Беларусь ШЫҰ-ға мүше болуға өтінім дайындады
ТАШКЕНТ. ТАСС –ҚазАқпарат – Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүшелікке өтуге өтінім дайындады. Бұл туралы сейсенбі күні Ресей президентінің ШЫҰ жөніндегі арнайы өкілі Бахтиер Хакимов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Беларуське экспортталатын мұнай көлемі Қазақстанның мүмкіндігіне сай белгіленеді -министр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Беларусьпен арадағы мұнай және мұнай өнімдері саласындағы кез келген қарым-қатынастар екіжақты шарттар бойынша іске асырылады. Бұл туралы елордада Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресей мен Беларусь спортшыларының Паралимпиадаға қатысуына тыйым салынды
НҰР-СҰЛТАН. ТАСС-ҚазАқпарат - Халықаралық паралимпиада комитеті шешімін өзгертіп, ресейлік және беларусь спортшыларына Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарына қатысуға тыйым салды. Бұл туралы ХПК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрі беларусьтік әріптесімен сауда-экономикалық байланыстарды талқылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Роман Головченкомен екіжақты келіссөз жүргізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкімет басшысының сайтна сілтеме жасап хабарлайды.

Беларусьте ресейлік туристер отырған автобус жол апатына ұшырады
МИНСК. БЕЛТА-ҚазАқпарат – Беларусьтің Лиозное ауданында жол апатына ұшыраған автобуста зардап шекендерге қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, 5 жолаушының жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА-ға сілтеме жасап.

Беларусь пен Польша шекарасындағы босқындар: БҰҰ гуманитарлық жағдайды реттеу жолын ұсынды
МИНСК. ҚазАқпарат – Польшамен шекараның Беларусь елі жағында 2 мыңға жуық босқын жиналды. Олар онда 8 қарашадан бері стихиялық лагерьлерде тұрып жатыр. Араларында әйелдер мен балалар көп. Бейсенбі күні Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым (КХҰ) және БҰҰ-ның Беларусь Республикасындағы Босқындар істері жөніндегі басқармасы лагерьге барды: балалар мен әйелдерге гигиена заттары, азық-түлік жеткізілді. Алдағы таяу күндері Қызыл Крестің беларусьтық қоғамы оларға көрпелер, балаларға жылы киімдер, қолғаптар, бас киімдер мен аяқ киім алып барады. ҚазАқпарат бұл туралы БҰҰ Жаңалықтар орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай