
Ресей компаниялары «Астана» қаржы орталығында жұмыс істеуге мүдделілік танытуда
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қазақстанда «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) табысты жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Бішкектегі Еуразиялық экономикалық форумының пленарлық отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейден Қазақстанға әуе билеттеріне сұраныс 2,5 есеге өсті
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - 2022 жылдың көктемінде Ресейден Қазақстанға әуе билеттеріне сұраныс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге өскен. Бұл туралы OneTwoTrip саяхатты жоспарлау сервисінің зерттеу нәтижелерінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ресейлік туристер Бурабай мен Зерендіде демалады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Visit Aqmola туристік ақпараттық орталығы Ресей Федерациясының бірқатар туристік компанияларына, оның ішінде Екатеринбург, Қорған, Челябі, Түмен, Омбы қалаларына ақпараттық-жарнамалық тур өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандағы ресейлік банктің клиенттері қаражатын бұғаттан босату үшін OFAC рұқсатын алуы тиіс
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сбербанк пен Альфа-Банк клиенттері қаражаттарын бұғаттан босату үшін АҚШ реттеушісінің жеке рұқсатын алуы тиіс. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасованың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлихан Смайылов «Росатом» басшысы Алексей Лихачевпен кездесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресей тарапы Қазақстанның уран өндіру саласына инвестиция салуға мүдделі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Қазақстанға жұмыс сапарымен келген «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесуі барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бішкекте Ресей елшілігінің көлігі адам қағып кетті
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Бүгін ел астанасында Жас гвардия бульвары мен Жібек жолы көшесінің қиылысында жергілікті уақыт бойынша сағат 15:20-да Қырғызстандағы Ресей елшілігінің көлігі адам қағып кетті. Бұл туралы Патрульдік милицияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Ресей арасында тауар айналымы 25 млрд долларға жетті – ҚР Президенті
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Мәскеуде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) мерейтойлық саммитінен кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

ҰҚШҰ биыл күзде Қазақстанда әскери оқу жиынын өткізеді
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Биыл күзде Қазақстанда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының аясында әскери оқу жиынын өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин ұйымның мерейтойлық саммитінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бітімгер күштердің әлеуетін нығайту – ҰҚШҰ қызметінің тағы бір өзекті міндеті - Қасым-Жомарт Тоқаев
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтіп жатқан ҰҚШҰ саммитінде сөз сөйледі. Президент өз сөзінде халықаралық терроризм мен экстремизмге, заңсыз есірткі және қару-жарақ айналымына, көші-қонға, соның ішінде Ауғанстандағы ахуалдың өршуіне қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай