
Қазақстандағы сайлау демократия талаптарына сай өтіп жатыр – украиналық депутат
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда демократиялық процестер мен құндылықтар жоғары деңгейде. Бұл - Украина Жоғары Рада депутаты, «Слуга Народа» фракциясының мүшесі, «Украина – Қазақстан» парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі Евгений Шевченконың бүгінгі сайлауда байқаушы ретіндегі пікірі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенатта Украинаның Жоғарғы Радасының байқаушыларымен кездесу болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, 8 қаңтарда Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарға сайлауды байқауға келген Украина Жоғарғы Радасы депутаттарының делегациясымен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирус: Украина ресейлік вакцинаны тіркеуден бас тартуын түсіндірді
КИЕВ. УкрИнформ - ҚазАқпарат –Украина сынақтың үшінші кезеңінен өткен коронавирусқа қарсы вакциналарды ғана пайдаланатын болады. Сондықтан ресейлік вакцинаны тіркеуден өткізу мүмкін емес. Бұл туралы Украинаның бас санитарлық дәрігері Виктор Ляшко Facebook-те жазды, деп хабарлайды УкрИнформ агенттігі.

Иран украиналық ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына 150 мың доллардан төлейді
ТЕГЕРАН. ИРНА-ҚазАқпарат – Бүгін Иранның министрлер кабинеті 2020 жылғы қаңтарда Тегеран маңында атып түсірілген «Украина халықаралық әуе желілері» ұшақ апатынан қаза тапқандардың әрқайсысының отбасына өтемақы үшін 150 мың доллар немесе оның еуро түріндегі баламасын төлеуді бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Украина карантиндік шектеулерді 2021 жылғы ақпанның соңына дейін ұзартты
КИЕВ. УКРИНФОРМ – ҚазАқпарат – Украинаның министрлер кабинеті елдегі карантин режимін 2021 жылдың 28 ақпанына дейін ұзартты. Тиісті қаулы 9 желтоқсан күні Үкімет отырысында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ сайтына сілтеме жасап.

Украинада «Abaı úıi» қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Отандастар қоры» КеАҚ пен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ бірлесіп, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму, ҚР Сыртқы істер министрліктерінің қолдауымен онлайн-форматта Киев қаласында (Украина) «Abaı úıi» қазақ мәдени-іскерлік үйін салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Украинада коронавирус жұқтырғандар саны 700 мыңнан асты
КИЕВ. Укринформ – ҚазАқпарат – Украинада 28 қарашадағы жағдай бойынша COVID-19-ға шалдығудың 16 294 жаңа оқиғасы тіркелді. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Максим Степанов өзінің Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Қазақпарат Укринформға сілтеме жасап.

Коронавирус жұқтырған Украина президенті ауруханаға жатқызылды
КИЕВ. Укринформ –ҚазАқпарат – Украина президенті Владимир Зеленский мен оның Президент офисі басшысы Андрей Ермак «Феофания» ауруханасында ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Президент офисі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ агенттігіне сілтеме жасап.

Украинада коронавирус жұқтырғандар саны 450 мыңнан асты
КИЕВ. Укринформ-ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Украинада 10 746 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның ішінде 316 бала және 519 медицина қызметкері бар. Бұл жайында елдің денсаулық сақтау министрі Максим Степанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Украина арасында қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек туралы шарт ратификацияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Василий Ломаченко америкалық боксшыдан жеңіліп қалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) украиналық боксшы Василий Ломаченко (14-1, 10 КО) мен америкалық Теофимо Лопес (15-0, 12 КО) жеңіл салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін айқасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай