
Италия Парламенті депутаттар палатасының квесторы «Достық» орденімен наградталды
РИМ. ҚазАқпарат – Қазақстан Елшілігінде Италия Парламенті депутаттар палатасының Квесторы және «Қазақстан-Италия» парламенттік достық тобының төрағасы Эдмондо Чириеллиді мемлекеттік наградамыз – II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Алматыда Қазақстан мен АҚШ дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастықты талқылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Рәпіл Жошыбаев «USAID» америкалық халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігінің әкімшісі көмекшісінің міндетін атқарушы Хавьер Пьедрамен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан ДЗМҰ-ға Өнеркәсіптік үлгілерді қорғауға қатысты құжатты тапсырды
ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Бас директоры Дарен Тангқа 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы Қазақстан Республикасының ратификациялауы туралы Құрал сақтауға берілді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Жусан» операциясы: АҚШ-та Қазақстан тәжірибесі талқыланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 8 қаңтары – «Атлантикалық кеңес» атты беделді америкалық талдау орталығы Қазақстанның азаматтарды соғыс аймақтарынан қайтару және оларды қоғамға қайта интеграциялау тәжірибесін талқылауға арналған онлайн конференция өткізді.

Шет елдердегі консулдық есепте 11 мыңнан астам Қазақстан азаматы тіркелген
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның шетелдердегі мекемелерінде консулдық есепте 11 мыңнан астам азамат тіркелген. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелдегі сайлау учаскелерінің тізімін жариялады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауына орай 53 шет мемлекетте 66 сайлау учаскесі құрылды. Аталған учаскелердің мекен жайын ҚР Сыртқы істер министрлігі жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Парламенттік сайлау: Кореядағы қазақстандық ең бірінші дауыс берді
ОҢТҮСТІК КОРЕЯ. ҚазАқпарат - Ең бірінші болып парламенттік сайлауда дауыс берген Қазақстан азаматы - Аделина Алпамыс. Оңтүстік Кореядағы Корё университетінің студенті. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ телеграм каналына сілтеме жасап хабарайды.

Солтүстік Америкада Қазақстанның сайлауға дайындығы талқыланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ертең, 10 қаңтарда өтетін Мәжіліс депутаттарының сайлауы туралы дипломатиялық өкілдіктердің брифингтер сериясын Қазақстанның Солтүстік Америка елдеріндегі елшіліктері аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мұхтар Тілеуберді: Пандемияға қарамастан Қазақстан сыртқы саясатының негіздері өзгеріссіз қалады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - COVID-19 пандемиясы қазақстандықтардың күнделікті өміріне үлкен әсер етті. Жаһандық құбылыс ретінде оның халықаралық қатынастар саласына ықпалын тигізбеуі мүмкін емес. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің барша әлем үшін күрделі болған 2020 жылдағы дипломаттардың жұмысы туралы сұхбаты бүгін «Казахстанская правда» газетінде жарияланды. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі сұхбаттың қазақ тіліндегі нұсқасын оқырман назарына ұсынады.

Сайлау: ҚР СІМ басшылығы Түркі кеңесі байқаушыларымен кездесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлауды бақылау үшін келген Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі) байқаушылар миссиясымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа мүшелерінің туларын орнату рәсімін өткізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күні Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2021-2022 жылдарға сайланған жаңа мүшелерінің туларын салтанатты түрде орнату рәсімін өткізді.

Алматыдағы Сыртқы істер министрлігі өкілдігінің маңыздылығын арттыру көзделген - Мұхтар Тілеуберді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Алматы қаласындағы Сыртқы істер министрлігі өкілдігінің заңды мәртебесін анықтау жайында түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай