
Зейнетақы жинағын баспанаға жұмсау: Басты сұрақтардың жауабы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында бүгін зейнетақының бір бөлігін баспанаға жұмсау мәселесіне қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері мен «Отбасы банк» басшылары жиында көптің көкейінде жүрген басты сұрақтарға жауап берді. Осы ретте ҚазАқпарат тілшісі оқырман қауымға бұл бағларламаға қатысты бағыт-бағдар берер негізгі әрі маңызды мәліметтер легін ұсынады.

Зейнетақы қаражатын алу: Тұрғын үйді 5 жылға дейін сатуға тыйым салу тәртібі түсіндірілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ИИДМ құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев зейнетақының бір бөлігіне алынған үйді 5 жыл бойы сатуға тыйым салу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азаматтар зейнетақы жинағының бір бөлігін қандай жағдайда пайдалана алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы жылдың 21 қаңтарында тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін бір жолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелерін бекітті. Министрліктің құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев ОКҚ алаңында осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 536-593 шақырымы барлық көліктер үшін жабық
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Түркістан облысымен шектесетін аумағында жол бөлігі барлық көліктер үшін жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

2020 жылы жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 15% өсті - министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 15% - ға өсіп, 128,7 млрд. теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Қазақстанда 2021 жылы 6 мың шақырым жол салынады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Инфрақұрылымды дамытуға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында алдағы құрылыс маусымындағы жұмыстар республикалық және жергілікті маңызы бар жолдың 6 мың шақырымын қамтитын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық аккумуляторлар ТМД елдерімен қатар тағы 4 мемлекетке экспортталады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Талдықорғанда жасалатын «Kainar», «Bars», «Nomad» және «Вожак» деген атаулармен белгілі отандық аккумуляторлар ТМД елдеріне, Германияға, Польшаға, Қытайға және Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортқа шығарылады.

Қазақстан 2023 жылға қарай дәрі-дәрмек экспортын 4 есеге арттырмақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 47% - ға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай