
Стати ісі: KMG Kashagan B. V-ның 5,2 млрд доллар болатын акциясы бұғаттан шығарылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нидерландық сот KMG Kashagan B. V.-дегі 5,2 млрд АҚШ доллары сомасына тең акцияға салынған тыйымның күшін жойды. Сонымен қатар Бельгиялық сот Қазақстанға келтірілген залалды өтеу туралы талабын қарастыруды шешті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

Әділет министрлігіне саяси партия құру туралы 5 өтініш түскен
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар аясында партиялық алаңдағы танымал қайраткерлер мен топтардың белсенділігі артты. Тек соңғы үш айдың ішінде ғана 3 жаңа саяси партияның құрылатындығы белгілі болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Саяси партиялар облыс әкімдерін партияға мүше болудан шектеуге қарсы – Алма Мұқанова
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде облыс әкімдерін саяси партияға мүше болудан шектеу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент туралы конституциялық заңда Назарбаевқа кепілдік беретін нормалар бар – вице-министр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Елбасы туралы конституциялық заң күшін жойса да, Президент туралы констуциялық заң Елбасыға тіиісті кепілдіктер беретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конституциялық сот азаматтардың өтініші негізінде Үкімет қаулыларын қайта қарай алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова республикалық референдумға Конституциялық соттың қайта қарауына жіберілетін нормативтік құжаттардың сипаты туралы мәселе де шығарылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Экс-президенттерді Конституциялық кеңеске мүше болуын шектеу мәселесі референдумда көрініс табады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Конституциялық реформа бойынша өтетін республикалық референдум аясында Қазақстанның экс-президенттерін Конституциялық кеңеске мүше болуын шектеу мәселесі көрініс табады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай