
«Шаңырақ» бағдарламасы аясында қайталама нарықтан баспана сатып алуға бола ма – Үкімет жауабы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Шаңырақ» бағдарламасы аясында қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алуға рұқсат беру пәтер бағасының өсуіне түрткі болуы мүмкін. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2021 жылдың наурызынан мұнай өнімдерін тауарлық биржа арқылы сатуды қамтамасыз ету керек – Роман Скляр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың наурызынан мұнай өнімдерін тауарлық биржа арқылы сатуды қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға дейін Қазақстанда мұнай және газ-химия саласында 5 зауыттың құрылысы аяқталады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев қаланың сел жүруі мүмкін қауіпті аймақтарын тексерді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың селден қорғайтын бөгеттер салынып жатқан жерлерде болып, өзен арналарын жақсарту және инженерлік коммуникациялар салу барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Италиялық компания Түркістан облысында күн электр стансасының құрылысын бастады
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында орналасқан күн электр стансасы – еліміздегі күн энергетикасы секторындағы «Eni» халықаралық энергетикалық компаниясының алғашқы ірі инвестициясы, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек - Бас мүфти
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат muftyat.kz-ке сілтеме жасап.

«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қаладағы жастардың тұрғын үй проблемасын шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім 10 наурыздан басталады. Бұл туралы ҚазАқпарат «Отбасы банкінің» желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау-Доссор-Бейнеу автожолы төрт жолақты болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы екі жолақты автожолды кеңейту жоспарланып отыр. «Атырау-Доссор-Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасына» дейінгі күре жол кеңейтілгенге дейін жеңіл көлік иелері үшін тегін болып қала береді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай