
Қытай билігі қысқы Олимпиада ойындары кезінде цифрлық юанды сынақтан өткізеді
БОАО. ҚазАқпарат – Алдағы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындары кезінде біз шетелдік азаматтарға цифрлық юаньге қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Боао азиялық форумындағы сессиялардың бірінде Қытай Халық банкі (ҚҰБ, Орталық банк) басшысының орынбасары Ли Бо осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Коронавирус: Қытайда бір миллиардтан астам адамға екпе салу қажет
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін, COVID-19 вирусына қарсы бір миллиардтан астам адамға екпе салдырту қажет. Мұндай пікірін Қытай елінің ауруларды қадағалау және алдын алу орталығының бас иммунологы Ван Хуацин білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан мен Қытай арасындағы су келісімдерінің 25 пайызы мақұлданды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесі бойынша жүргізіліп жатқан келіссөздердің нәтижесі туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытайда жол апатынан 4 адам қаза тауып, тағы екеуі жарақаттанды
ХУХ-ХОТО. Синьхуа-ҚазАқпарат – Қытайдың солтүстігінде Ішкі Моңғолия автономды ауданындағы Чифэн қаласында болған жол-көлік апаты салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайдың Чэнду қаласындағы Дүниежүзілік жазғы Универсиада 2022 жылға ауыстырылды
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Чэнду қаласында (Сычуань провинциясы, ҚХР) 2021 жылдың тамыз айында өтпек болған Дүниежүзілік жазғы универсиада пандемияға байланысты 2022 жылға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Қытай коронавирустың өршуіне байланысты Мьянмамен шекаралас Жуйли қаласын жабады
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай билігі Мьянмамен шекарада орналасқан елдің оңтүстік батысындағы Жуйли қаласында коронавирус жұқтырудың алты жаңа жағдайы анықталуына байланысты карантин енгізді. Бұл туралы сейсенбі күні коронавирустың жаңа түрінің таралуының алдын алу және күрес жөніндегі қала штабының таратылған мәлімдемесінде жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тату көрші, стратегиялық әріптес Қытаймен қарым-қатынасымыз туралы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Egemen Qazaqstan газетінде ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы жайлы көлемді материалы жарияланды. ҚазАқпарат мақаланың толық мәтінін оқырман назарына ұсынады.

Қытайда COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның 100 миллионнан астам дозасы егілді
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – 27 наурыздағы жағдай бойынша Қытайда COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 100 миллионнан астам дозасы қолданылды. Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау істері және гигиена жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдан 561 км қашықтықта жер сілкінісі болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 27 наурыз күні Алматы уақытымен 05 сағат 08 минут 31 секундта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай