
Брюссельде Орталық Азия-Еуроодақ қауіпсіздік диалогының отырысы өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Брюссельде «Орталық Азия – Еуропалық одақ» саясат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жоғары деңгейлі диалогының тоғызыншы отырысы өтті. Онда күрделі геосаяси сын-қатерлер жағдайындағы саяси диалогты одан әрі ілгерілету және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Орталық Азия елдерінде қазақстандық ЖОО филиалдары ашылуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық Азия елдері ректорларының форумында бірқатар мәселе көтерілді, соның бірі - жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу мүмкіндігі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қасым-Жомарт Тоқаев суды пайдалану саласындағы жұмыстардың нашар жүргізіліп жатқанын сынға алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында суды пайдалану саласындағы ведомствоаралық үйлестіру жұмыстарының нашар жүргізіліп жатқанын сынға алды.

Бас мүфти Оразаны Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен кеңесіп белгілеудің себебін түсіндірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы биыл оразаны неліктен көрші елдермен ақылдасып, бекіту себебін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Лондонда Орталық Азия елдерінің өкілдері Наурызды тойлады
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Әз-Наурыз Ұлыбритания астанасында кеңінен тойланды. Лондон орталығындағы оқу орынының алдында сахна құрылып, Орталық Азия өкілдерінің қатысуымен концерт өтті. Түркі халықтары, оның ішінде қазақстандықтар да бар, ұлттық өнері мен салт-дәстүрлерін британиялықтар алдында паш етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Гендерлік теңдік саласында Орталық Азия білім орталығын құру тұрғысында жұмыстар жүріп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шиеленістерді болдырмау, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуда әйелдердің қатысуын кеңейту бойынша күш-жігерді іске асыруға қатысты Қазақстан барша халықаралық ұйымдармен жемісті ынтымақтастыққа әзір. Бұл туралы бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселесінде әйелдердің рөлі тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада АҚШ Мемлекеттік хатшысының қатысуымен С5+1 кездесуі өтеді
ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат – Бүгін Женевада АҚШ тарапының бастамасы бойынша С5+1 форматында жоғары деңгейдегі онлайн кездесуі өтті. Оған Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Казакбаев, Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түрікменстан президенті билікті жастарға беру туралы айтты
АШХАБАД. Туркменистан сегодня - ҚазАқпарат - Түрікменстанда Халық Мәслихатының отырысы өтіп, онда Түрікменстан көшбасшысы Гурбангулы Бердымұхамедов сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түрікменстанның мемлекеттік агенттігіне сілтеме жасап.
Германияның «Жасыл Орталық Азия» бастамасында Қазақстан негізгі рөл атқарады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Неміс компаниялары Қазақстан 2060 жылға қарай жоспарлап отырған климаттық бейтараптыққа қол жеткізуге маңызды үлес қоса алады. Сондай-ақ, Қазақстан Германияның «Жасыл Орталық Азия» бастамасында негізгі рөл атқарады. Бұл туралы ГФР-дің Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі уәкілі Маттиас Лютенберг мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті «Орталық Азия – Үндістан» саммитіне қатысады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертең, 27 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Орталық Азия – Үндістан» атты саммитке қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының Facebook-тегі парақшасында жазды.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай