
БҚО Ақпараттандыру, мемқызметтер және архивтер басқармасының басшысы ауысты
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Конкурстық комиссияның шешіміне және меритократия қағидаттарына сәйкес Нұрлан Нұрсұлтан Батыс Қазақстан облысы Ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада түрмеден шыққандарға ақшалай көмек берілмек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі түрмеде жазасын өтеп шыққан азаматтарға 47,7 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорда әкімдігі 713 млн теңгеге сегіз құрылыс нысанын сатып алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 8 құрылысы нысаны орналасқан 75 жер учаскесін сатып алмақ. Бұл туралы қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пайдаланылмай жатқан коммерциялық мақсаттағы жерлер мемлекетке қайтарылып жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пайдаланылмай жатқан 200 гектар коммерциялық мақсаттағы жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорда әкімдігі спорт үйірмелеріне 1 млрд теңге қарыз
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев спорт үйірмелерінің құрылтайшылары мен жұмысшыларының арасында әлеуметтік шиеленіс пайда болғанын мәлім етті. Айтуынша, бұған ақысыз спорт үйірмелеріне қаражаттың қажетті мөлшерде бөлінбеуі себепкер болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада 9 мамырда берілетін біржолғы жәрдемақыны 111 мың теңгеге дейін көтеру ұсынылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 9 мамыр күніне орай берілетін бір реттік әлеуметтік төлемді 1 шілдеден бастап 20 айлық есептік көрсеткіштен 35 АЕК-ке дейін көбейту ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыдан 16-17 жыл бұрын кезекке тұрған тараздықтарға жер телімдері берілмек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Таразда 2005-2006 жылдардан бері жеке тұрғын үй салу үшін кезекте тұрғандарға жер телімдерін беру процесі басталды. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен қаланың бас жоспары талқыланған кеңесте мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда нан бағасын тұрақтандыруға 150 млн теңге бөлінеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әлеуметтік нан бағасын ұстап тұру үшін өндірушілерге субсидия бөлінеді. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай