
«Шаңырақ» бағдарламасы аясында қайталама нарықтан баспана сатып алуға бола ма – Үкімет жауабы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Шаңырақ» бағдарламасы аясында қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алуға рұқсат беру пәтер бағасының өсуіне түрткі болуы мүмкін. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспанаға мұқтаж отбасыларға пәтер жалдау ақысы 80 пайызға дейін субсидияланбақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде баспанаға мұқтаж отбасыларға жеке тұрғын үй қорындағы жалдау ақысын мемлекеттік қаражат есебінен 80 пайызға дейін субсидиялау жоспарланған. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда мемқызметшілерге қазақ тілін меңгеруге қатысты талап қойылмақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшілерге тілдерді меңгеру бойынша талаптар белгілеу мәселесін пысықтауда. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Б» корпусы лауазымына үміткерлер мемлекеттік тілден тест тапсырады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қызметтің «Б» корпусының лауазымына орналасуға үміткерлерге «Қазтест» жүйесі бойынша қазақ тілінен тест өткізу жоспарланған. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нығматулин: Партияаралық Кеңес заң шығару жұмысының сапасын арттыруға ықпал етеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте Қазақстанда тіркелген партия өкілдерінің кездесуі өтіп, отырыс барысында Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Кеңес құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қызмет барысында жарақаттанған полицейдің отбасы баспана төлемдерін алуды жалғастырады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік, индустриялық аймақтар, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, энергетика, табиғи монополиялар және ішкі істер органдары қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Ақылбек Күрішбаев асыл тұқымды мал шаруашылығына қажетті негізгі қадамдарды айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мал шаруашылығында селекцияның заманауи әдістерін қолдану керек. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында тиісті заң жобасын талқылау кезінде сенатор Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан Елшіліктері қандастардан азаматтық алуға құжат қабылдаудың ілкі жобасын қолға алмақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның шет елдердегі Елшіліктерінің қандастардан азаматтық алуға құжаттар қабылдауы көзделген ілкі жобаны іске асыру мәселесі пысықталып жатыр. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенат асыл тұқымды мал шаруашылығы дамытуға қатысты құжатты қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қандас» мәртебесін алуға үміткерлердің құжаттарында ұлты туралы жалған мәлімет беру фактілері бар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қандас» мәртебесін алуға үміткер адамдардың өз құжаттарында ұлты туралы жалған мәлімет беру фактілері бар. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжілісте Алаш арыстарының есімдерін жергілікті жерде ұлықтау мәселесі көтерілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса еліміздің түкпір-түкпіріндегі Алаш ұстанымын насихаттаған, сол үшін құрбан болған жергілікті Алаш қозғалысы қайраткерлерінің есімдері әлі де белгісіз болып отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коллекторлардың заңсыз әрекетіне жол бермеуге қатысты талаптар күшейтіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Депутат жастарға жалға берілетін пәтер құрылысын қаржыландыруды сұрады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Айгүл Нұркина жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін пәтерлер құрылысын қаржыландыруды жалғастыруды сұрады. Осы орайда Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тауар таңбаларын тіркеу мен қорғауда қандай өзгеріс болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжілісте темекі өніміне акциздерді үйлестіруге арналған құжат мақұлданды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай