
Референдум кезінде онлайн дауыс беру қарастырылмаған
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Референдум кезінде онлайн дауыс беру тетігі қарастырылмаған. Бірақ бұл мәселе бойынша ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алдағы уақытта Орталық сайлау комиссиясына ұсыныс жасамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Референдумда дауыс беретін қазақстандықтар нені білуі керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 маусымдағы республикалық референдумға әрбір қазақстандық Конституцияға ұсынылып отырған негізгі өзгерістерден хабардар болып баруы керек. Бұл – заңгер Думан Базарбектің отандастарына берер кеңесі. ҚазАқпарат сарапшының республикалық референдумға шығарылатын заңнама өзгерістері туралы сараптамасын ұсынады.

Бұл референдум барлық демократиялық қағидаттарға сәйкес келеді - Мәжіліс депутаты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Самат Мұсабаев алдағы референдумның мән-маңызы және заңнамалар жүзінде енгізілетін өзгерістер туралы ой бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Реформалар халықтың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына зор мүмкіндік береді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Конституциялық реформалар халықтың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына зор мүмкіндік береді. Бұл пікірді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан азаматтары референдумға шетелден де қатыса алады - СІМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматтары ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға шетелден де қатыса алады. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конституциялық реформа Қазақстанға тарихи мүмкіндік береді – Еркін Тұқымов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен осы жылдың 5 маусымына белгіленген республикалық референдумға санаулы ғана уақыт қалды. Ал Қазақстан қоғамы дәл осы ұсынылып отырған конституциялық реформалардан кейін елімізде үлкен өзгерістердің болатынынан үмітті.

Конституцияда жерге қатысты жаңа тұжырым кейін заңды әркелкі тәпсірлеуге жол бермейді - депутат
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Конституцияның республикалық референдумға шығарылатын жерге қатысты жаңа тұжырымы кейін заңды әркелкі тәпсірлеуге жол бермейді. ҚР Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов осындай пкірі білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасының отбасын өмір бойы ел салығына асырау мәселесі референдумға шығарылады - фейк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Telegram-чаттарда 5 маусымда өтетін референдумда Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мүшелеріне қол сұғылмайтынына кепілдік беретін және өмір бойы халықтың салығы есебінен асырауға мүмкіндік беретін түзетулер қабылданатыны жайлы ақпарат тарады. Бұл жалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Stopfake.kz ресурсына сілтеме жасап.

«Жаңа Қазақстанның» бағдары Абай философиясымен толық үндеседі – Ерлан Қошанов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Жаңа Қазақстанның» азаматы Абай айтқан бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болуы керек. Демек, Президенттің көзқарасы ұлы ойшылдың философиясымен толық үндеседі. Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарын Семей жұртшылығымен кездесуден бастаған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов осындай ой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Референдум арқылы ел азаматтарының мүддесін қорғау механизмі күшейеді - Мәжіліс депутаты
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдумды түсіндіру мақсатында Мәжіліс депутаттары Мейрамбек Төлепберген, Назиля Раззак және Гүлдара Нұрымова Жамбыл облысындағы Айша бибі ауылының зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Саяси партия құру тәртібі жеңілдетіліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттің партиядан шығуы саяси бәсекелестікті арттырады, барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайлар жасайды. Бұл туралы Конституциялық кеңестің аппарат басшысы, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныстар дайындау бойынша жұмыс тобының мүшесі Бақыт Нұрмұханов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейтіледі - Бақыт Нұрмұханов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құқық үстемдігі саласында ең ірі өзгерістердің бірі – Конституциялық сот құру. Бұл туралы Конституциялық кеңестің аппарат басшысы, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныстар дайындау бойынша жұмыс тобының мүшесі Бақыт Нұрмұханов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда референдумда дауыс беретін учаскеңізді қалай білуге болады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғындары үшін Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша 5 маусымға белгіленген республикалық референдум жайында ақпарат беретін бірыңғай Call-орталық іске қосылды.

Конституциялық түзетулер мен референдум мәні - сарапшылар не дейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін толықтырулар енгізу туралы бастама көтерген болатын. Осылайша, Ата заңның 33 бабына түзетулер әзірленді, бұл - оның үштен бір бөлігіне өзгерістер мен түзетулер енгізіледі деген сөз. Президент 5 маусымда республикалық референдум өткізу жөнінде жарлыққа қол қойды. Енді Конституцияға өзгерістер мен түзетулер енгізіле ме, жоқ па, оны халықтың өзі шешеді.

Өзбекстанда Конституцияны жетілдіру процесі басталды
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Бүгін Өзбекстанның жетекші саяси партиялары бірлескен отырыста ел Конституциясын жетілдіру процесін бастауға келісті. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Өлий Мәжілісі Заңнама палатасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Ерлан Қарин Конституцияға енгізілетін өзгерістерді беске бөліп түсіндірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Конституциялық реформа Президенттің 2019 жылы бастаған бүкіл саяси реформасының қисынды жалғасы болды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин өзінің YouTube арнасында Конституцияға ұсынылатын негізгі өзгерістерді түсіндіру кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Референдум қаражатының біраз бөлігі материалдық-техникалық жасақтауға жұмсалады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Референдум өткізуге бағытталатын қаражаттың 21 пайызы учаскелердің материалдық-техникалық жасақталуына, референдум комиссиясының жұмысына жұмсалады. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай