
Қазақстанның Ұлттық банкі ақша-кредит саясатын одан әрі күшейтуі мүмкін - ХВҚ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Қазақстан бойынша миссия басшысы Николя Бланшенің (Nicolas Blancher) Қазақстандағы экономикалық өсімді қамтамасыз ету шарттары мен факторлары және Қазақстан Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты туралы негізгі тезистерін ұсынады.

Сенат проблемалы несиелерге қатысты құжатты қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сбербанк Қазақстанға» жаңа лицензия алу талап етілмейді - Мәдина Әбілқасымова
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Санкциялар енгізілер алдында «Сбербанк Қазақстан» активтер бойынша еліміздің банк жүйесінде екінші орында болды. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басында стрестік активтер көлемі 2,3 трлн теңге болды - Мәдина Әбілқасымова
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2017 жылдан бастап төлемге қабілетсіз 8 банктің лицензиясы қайтарылды. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер туралы заң жобасын талқылау кезінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Енді өзге банк клиенттеріне телефон нөмірі мен QR-код арқылы ақша аударуға болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Ұлттық Банкі 24/7 режимінде әртүрлі банктердің клиенттері арасында жедел аударымдар мен төлемдерді жүргізу үшін жүйенің жаңғыртылған платформасы өнеркәсіптік қолданысқа енгізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейдің еншілес банктерінде 500 млрд теңге депозиттер сақтаулы – Мәдина Әбілқасымова
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда ресейлік еншілес банктердің шамамен 1,7 трлн теңге болатын несие портфелі бар. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай