
«Самұрық-Қазына» 2021 жылға арналған тәуекелдер картасын әзірледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Самұрық-Қазына» ұлтттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның Құқықтық сүйемелдеу және тәукекелдер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Кравченко онлайн-брифинг өткізіп, Қор 2020 жылғы қауіпті тәуекелдерді қалай еңсергенін, пандемияның салдары келесі жылы қандай тәуекелдер тудыратынын түсіндірді. Сондай-ақ, Кравченко «Самұрық-Қазына» қоры 2021 жылға арналған тәуекелдер картасы әзірленгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Стати ісі: «Самұрық-Қазына» акцияларына уақытша тыйым салу ұйғарымы қайта қаралатын болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нидерланд Корольдігінің Жоғарғы соты Стати ісі шеңберінде Қазақстан пайдасына шешім шығарып, KMG Kashagan B.V. компаниясындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның акцияларына уақытша тыйым салу бойынша ұйғарымды қайта қарауды үкім етті. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Асқар Мамин «Digital Samruk-2020» конференциясына қатысты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Цифрлық трансформация: өндірістік инновациялар мәдениеті» тақырыбындағы «Digital Samruk-2020» конференциясына қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде әлеуметтік маңызы бар 500 жоба жүзеге аспақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры әлеуметтік маңызды 500 жобаны жүзеге асырды. Бұл туралы қордың корпоративтік қызметінің жетекшісі Мирас Іргебаев Донорлар форумында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Самұрық-Қазына» бес нысанды Түркістан облысының әкімдігіне тегін тапсырды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында ауқымды құрылыс жұмысын жүргізген «Самұрық-Қазына» қоры әлеуметтік маңызы бар бес нысанды облыс әкімдігіне тегін тапсырды. Жаңадан салынған нысандардың қатарында Х.А. Яссауи мұражайы мен орталық стадион, Оқушылар сарайы мен Конгресс-холл және «Қазпошта» АҚ облыстық бөлімшесінің ғимараты бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысының ауруханалары жедел жәрдем көлігімен және жабдықтармен толықты
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы медициналық мекемелер қажетті жабдықтармен және жедел жәрдем көлігімен толықты. Бұл шаралардың барлығы өңірдегі жұқпалы аурулармен, соның ішінде COVID-19 коронавирус инфекциясымен күреске пайдаланылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда жаңа өндірісті қолдайтын сайт ашылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпкерлер мен тауар өндірушілер svoyzavod.kz сайтында жаңа өндірістер құру бағдарламасына қатыса алады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай