
Тек бюджетке қарап отыруға болмайды – Алтай Көлгінов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қала күніне қандай жетістіктермен жетті? Қандай жаңа нысандарды пайдалануға беру жоспарланған? Тұрғындардың тыныс-тіршілігін жайлы ету үшін нендей жағдай жасалып, құлағалы тұрған ескі үйлер қашан сүріледі? Қай көшелерді жөндеу жоспарланып отыр? Жалпы, қала тұрғындары үшін осы мерекеде қандай тосынсый болмақ? ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген қала әкімі Алтай Көлгінов осы сауалдарға егжей-тегжейлі жауап қайтарды.

Қытай–Қырғызстан–Өзбекстан арасын жалғайтын теміржол салынбақ
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қытай–Қырғызстан–Өзбекстан теміржол құрылысының ықтимал бағыты жақында Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинетінің жиналысында талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Министрлер кабинетіне сілтеме жасап.

Жеке үй салынатын 50 мыңнан астам жер теліміне инженерлік-коммуникациялық желілер тартылмақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстанда жеке тұрғын үй құрылысын салуға арналған 50 мыңнан астам жер теліміне инженерлік-коммуникациялық желілер жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев Қостанай облысына жасаған жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау-Астрахан жолының бойында демалыс алаңдары мен жылы әжетхана салынады
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Қазір «Атырау - Астрахан» тасжолында қайта жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Жөнделіп біткен соң аталған автожол үшінші санаттан екінші санатқа өтеді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Атырау облысы бойынша филиалының директоры Болатбек Айтбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау - Астрахан» трассасының кей учаскелері жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Қазір «Атырау - Астрахан» тасжолы қайта жөндеуден өтіп жатыр. Бүгінде жолдың 60 шақырымына асфальт төселді. Көрші Ресеймен арамызды жалғайтын тасжол құрылысы туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры Болатбек Айтбеков айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңадан құрылған облыстарда инфрақұрылым мен жол сапасына қатысты проблема бар - министр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа облыс орталықтары өңірлерді дамытуға жаңа серпін береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өнеге-Бисен-Сайқын» автожолы келесі жылы пайдалануға беріледі
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Таяуда БҚО-дағы республикалық маңызы бар жолдардың нашар жағдайы Президенттің назарына іліккен еді. Бүгінде бұл өңірде қызу жол салу жұмысы жүріп жатыр. Соның бірі - «Өнеге-Бисен-Сайқын» тасжолы. Осы орайда «ҚазАвтоЖол» АҚ ұлттық компаниясы БҚО филиалының директоры Қазбек Мәмбетов жұмыс барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-дағы тасжолдардың 62%-інің жағдайы қанағаттанарлық - ҚазАвтоЖол
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар тасжолдардың 62 пайызы қанағаттанарлық деңгейде. 2023 жылы бұл көрсеткіш 89 пайызға жетпек. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының БҚО-дағы филиалының директоры Қазбек Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе-Орал» тасжолына орташа жөндеу жүргізіліп жатыр
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Самара–Шымкент» тасжолының Ақтөбе мен Орал қаласын жалғайтын бөлігіне орташа деңгейде жөндеу жасалып, жұмыс биыл шілдеде аяқталады. Жөндеу жұмыстары туралы «Жол Алға системс» ЖШС-нің бас инженері Сергей Авраменко айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде су тасқыны шайып кеткен жоласты құбырлары қайта салынады
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысына қарасты Жарлы елдімекені маңындағы су шайып кеткен жоласты құбырлар қайта салынғалы жатыр. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ ұлттық компаниясының Ақтөбе облысы филиалының директоры Марат Махамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай