
Қазақстандықтар салық рақымшылығы аясында 10 млрд теңгеден астам салық төледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық департтаменттерінде құрылған арнайы комиссиялар негізгі салық сомасын төлеген жеке тұлғаларға 2020 жылдың 27 тамызынан бастап өсімпұлдарды есептен шығаруға кіріскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстауда екі млрд теңге салықтан жалтарған кәсіпорындар анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңды және жеке тұлғалар тобына қатысты аса ірі көлемде салық төлеуден жалтарудың екі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл соңына дейін 100 мыңнан астам алматылық салыққа рақымшылықты пайдалана алады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті мүлік, жер, көлік құралдары салығы бойынша берешегі бар азаматтарды жыл соңына дейін өсімпұлсыз қарызын өтеу мүмкіндігін пайдалануға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеке тұлғалардың көлік, жер және мүлік салығына өзгерістер енгізілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Салық кодексіне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Осы заңға сәйкес жеке тұлғалардың көлік, жер және мүлік салығын төлеу бөлігінде бірқатар өзгерістер бар.

Салықтық рақымшылық: Түркістан облысының тұрғындары 1 млрд. теңгеге жуық қарызын өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының тұрғындары салықтық рақымшылық шарасы аясында 1 млрд. теңгеге жуық қарызын өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде меценаттарға салық жеңілдігі көзделген заң қабылдануы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізге қайырымдылық, волонтер және меценаттың ұлттық рейтингін әзірлеу қажет. Бұл туралы «Қоғам және мемлекет: «Birgemiz» - 30 жылдық серіктестік пен даму» атты IX Азаматтық форумның жалпы отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарты миллионнан астам қазақстандық салық рақымшылығы аясында қарызын төледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 20 қарашадағы жағдай бойынша 513 мың жеке тұлға салық рақымшылығы мүмкіндігін қолданды. Олар 6,9 млрд теңге көлеміндегі берешегін өтеді, ал 772,7 млн теңгеге жуық өсімпұл есептен шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Парламент зейнетақы жинағының бір бөлігін алған кезде табыс салығына қатысты түзетулерді қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент азаматтар зейнетақы жинағындағы қаржының бір бөлігін алған кезде бір реттік табыс салығын бірден төлемеуге мүмкіндік беретін құжатты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстауда пандемия кезінде тоқтап қалған 17 мыңға жуық кәсіпкер салық төлеуден босатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық кәсіпкерлер 2-тоқсанда 17,6% өсім көрсетіп, 692,6 млрд теңгенің өнімін шығарды. Бүгінде шағын және орта бизнестің 756 жобасы мемлекеттік қолдау механизмін пайдаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай