
Тәуелсіздіктің қазаққа бергені көп – тарихшы Жаңабек Жақсығалиев
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толатыны белгілі. Осыған орай М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев ҚазАқпарат тілшісімен өз ой-толғамдарымен бөлісті.
Қазақ диаспорасы көп елдерде «Қазақ үйі» ашылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақ диаспорасы көп елдерде «Қазақ үйлері» ашылады. Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты халықаралық дөңгелек үстелде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанға көшетін қандастардан талап етілетін құжат саны 43-тен 20-ға дейін қысқарады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанға көшетін қандастардан талап етілетін құжат саны 43-тен 20-ға дейін қысқартылады. Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты халықаралық дөңгелек үстелде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейде қазақ сұлтаны Ораз-Мұхаммедке ескерткіш тақта орнатылады
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ресей Федерациясының Рязан облысы Қасымов қаласында Жошы ұлысынан шыққан Ораз-Мұхаммед сұлтанға мемориалды тақта орнатылады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Notice: Undefined offset: 1 in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/application/views/Lenta/section_articles.php on line 18
Зағи Тастанбекқызының Алаш жайындағы бір әңгімесі...
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Рухани қасиеттерді берік ұстанып, қастерлеп сақтаудың үлгі - өнегесін көрсетуші, айрықша адам – рудың немесе ауылдың жасы үлкен ақылман ақсақалы болған. Себебі ол сол аумақтың көзі тірі ақылманы мен ұстазы. Ал ол өмір тірегі ғана емес, өмірдің өзі әйел – ана болса, қазақ тарихында көп кездесетін аңызға бергісіз оқиғалардың шын екендігіне дәлел.

Отандастар қорының мақсаты - әлем қазақтарын тарихи Отаны төңірегінде біріктіру
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2017 жылы маусым айында өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шет елдердегі этникалық қазақтарды қолдау мақсатында «Отандастар қорын» құруды тапсырып, Қазақстанның қоғамдық жаңаруы аясында өзле мемлекеттердегі қандастарымызды қолдауға бағытталған бірқатар тапсырмалар берген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шетелдегі қазақтарға ана тілін үйрететін тегін курс ұйымдастырылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Отандастар» қоры» КЕАҚ пен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар шетелдік қандастардың ана тілін еркін меңгеруіне жағдай жасауға, сондай-ақ тіл саясатының тиімді іске асуына атсалысуға ниетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Лор Кастен: Мен үшін Қазақстан мен Абай - егіз ұғым
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға Франция мәдениеттанушылары мен тарихшылары үлкен қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Елбасы кітапханасына келген Қазақстан Республикасындағы Франция елшілігінің мәдениет және серіктестік мәселелері бойынша кеңесшісі Лор Кастен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүркітші қыз Айшолпан: Қазақстандағы жарыстарға қатысуға дайынмын
АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолияда тұратын қазақ қызы Айшолпан Нұрғайыпқызы 13 жасында бүркітшілер жарысында жеңімпаз атанды. Ол жайында ағылшынның «Daily Mail» басылымы да жазды. Ал режиссер Отто Белл «Бүркітші қыз» атты деректі фильм түсірді. Айшолпан туралы фильм Оскар сыйлығына да ұсынылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана іргесіндегі Тәуке ханның ордасы: Тарихи ескерткішті сақтап қалу маңызды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл шілде айында Астананың 20 жылдығына арналған жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елорданың дәл маңындағы Күйгенжарда Тәуке ханның жазғы ордасының орны табылғанын айтқан еді. «Астана ел қамын жеген Едігеден бастап Әз-Тәукеге дейінгі қазақ хандарының ордасы болған. Менің тапсырмам бойынша зерттеу жүргізген астаналық археологтар Есілдің бойындағы Күйгенжар ауылының тұсынан Әз Тәуке ханның жазғы ордасының орнын тапты», - деді Елбасы. Түркістанды қыстап, Арқаны жайлаған қазақ хандарының ізімен Күйгенжарда жазғы ордасын тіккен Әз Тәуке ханның ізі қалған жердің табылуы, расында да, ғажап та қуанышты жаңалық. Ал осынау хан ордасының орны қалай табылды? Нақты қандай дәлелдер тарихшылардың тұжырымына негіз болып отыр? Тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры Жамбыл Артықбаевпен бірге Күйгенжарға арнайы барған сапарымызда оқырман қауымға осы сұрақтардың жауабын білмекке бекіндік.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай