
Адамды құтқарған Теміртау тұрғыны Adam Bol сыйлығымен марапатталды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Теміртау тұрғыны Александр Шахов ADAM BOL AWARDS бірінші жаһандық қазақстандық сыйлығының лауреаты атанды. Сыйлықтың құрылтайшысы Әлия Назарбаева. Adam Bol қарапайым адамдардың игі істері мен ерліктеріне арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері өңір тұрғындарына үндеу жолдады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының бас санитар дәрігері карантин шаралары туралы еске салып, өңір тұрғындарынан маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауды, сондай-ақ адам көп жиналатын орындарға бармауды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында жайылымдарды басқару қатаң бақылауға алынады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Арман Лямбеков мәслихат депутаттарына өңірдегі жайылымдарды басқару жоспарын қатаң бақылауға алуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теміртау ЖЭО-сында қазандықтарды жөндеуге жылына 2,5-3 млрд теңге жұмсалады
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Биыл Теміртауда жеке сектор мен әлеуметтік қала тұрғындарын сумен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі. Ал тұрмыстық ағынды суларды бұру түйіткілі келесі кезекте шешімін табатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда пештен уланған төрт адам ауруханаға жеткізілді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда төрт адамға иіс тиді. Мамандардың айтуынша, оқиғаға пешті пайдалану ережесін сақтамау себеп болған. Ауруханаға 80 жастағы әжей, 43 жастағы әйел мен екі жасөспірім жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Демалыс күндері Теміртауда сауна мен бассейндер жұмысы тоқтатылады
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Теміртауда қаланың бас санитарлық дәрігерінің жаңа Қаулысына сәйкес кейбір шектеулер ескеріле отырып, оқыту және білім беру нысандарының жұмысына рұқсат беріледі. Жексенбіде СПА орталықтары, сауналар мен бассейндердің қызметі тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлытау ауданына жаңа әкім тағайындалды
ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының басшысы Жеңіс Қасымбектің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Ұлытау аудандық мәслихаты депутаттарының келісімімен Советбек Медебаев Ұлытау ауданының әкімі болып тағайындалды. Оны активке 2 наурызда өңір басшысының орынбасары Абзал Нүкенов таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында боранды күні шығып кеткен ер адамның денесі табылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал ауылының маңында боран кезінде ер адам көз жұмды. Ол кеше түстен кейін боранға қарамастан қыстақтан шығып кеткен. Бүгін ТЖД қызметкерлері даладан оның мәйітін тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теміртаудағы жағдай: Жеңіс Қасымбек «АМТ»-ны қатаң сынға алды
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – «АрселоМиталл Теміртау» ЖЭО-2 жұмысын бірнеше мемлекеттік орган тексереді. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Теміртаудағы жағдай бойынша өткен кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай