
Ақтауға турист таситын чартерлік рейс қатынай бастады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтауға турист таситын чартерлік рейс қатынап, алғашқы 100 жолаушыны жеткізген. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстауда жыл соңына дейін 1600 адам мұнай-газ саласына жұмысқа орналастырылмақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында жыл соңына дейін 1600-ден астам адамды мұнай-газ саласына жұмысқа алу жоспарланған. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтау қаласын сапалы көгалдандырудың тиімді тәсілі табылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтау қаласын көгалдандыру алдағы 5 жыл қатарынан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында жүргізіледі. Тапсырыс берушіні жыл сайын анықтау сапаға кері әсер ететін болғасын осындай шешім қабылданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне сілтеме жасап.

Ақтауда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының өкілдігі ашылды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтау қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілдігі өз жұмысын бастады. Салтанатты шараға ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев қатысты. Өкілдіктің офисі ұлттық компанияның еншілес кәсіпорны - «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС ғимаратында орналасқан.

Маңғыстау облысында құстардың өлексесі табылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Балықшылар маңғыстау облысының Баутино және Аташ кенттерінде жағалаудан 160 өлі суқұзғын тапқан. Бұл туралы Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Тұрғанбай Шапағатов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау атом-энергетикалық комбинатын дамыту стратегиясы әзірленіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау атом-энергетикалық комбинатын дамыту стратегиясы әзірленіп жатыр. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстаудағы БН-350 реакторлық қондырғысы қолданыстан шығарылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау атом-энергетикалық комбинатының БН-350 реакторлық қондырғысын пайдаланудан шығару жобасы әзірленді. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай