
Қазақстанда оқу жылын маусым айының аяғына дейін созу ұсынылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сарапшылар мен кейбір мектептердің өкілдері оқу жылын маусым айының соңына дейін ұзартуды ұсынып отыр. Бұл 2022-2023 оқу жылындағы білім процесін ұйымдастыру мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кадр тапшы өңірлерге үздік мұғалімдерді тарту бағдарламасына құжат қабылданып жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде кадр тапшылығы бар өңірлерге үздік мұғалімдерді тартуға арналған арнайы бағдарламаға қатысу үшін құжат қабылдау жүріп жатыр. Алғашқы аптада 800-ден астам мұғалім өтініш берді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

ҰБТ-ға шпаргалка, телефон алып кірген 267 оқушы тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 220 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде түлектердің 75,8% – қазақ тілінде, 24% - орыс тілінде, 0,1% - ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әзербайжан мұғалімдері қазақстандық әріптестерінің тәжірибесін үйренуге келмек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әзербайжан мұғалімдері қазақстандық әріптестерінен тәжірибе жинақтауға келеді. Бұл туралы Әзербайжанның білім министрі Эмин Амруллаев ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовпен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 миллионнан астам оқушы сауықтыру лагерьлерінде демалып жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жазғы демалыстың бірінші маусымында 1 миллионнан астам қазақстандық оқушы сауықтыру лагерьлерінде демалып жатыр. Балаларға арналған қала сыртындағы, мектеп жанындағы, киіз үй және шатыр лагерьлері жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Мұғалімдерді маман тапшы өңірлерге тартуға арналған жаңа бағдарлама басталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде мұғалімдер тапшылығы бар және білім сапасы нашар өңірлерге үздік педагогтерді тарту бойынша арнайы бағдарлама қолға алынды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде арнайы жағдайды қажет ететін балалардың саны 170 мыңнан асады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде арнайы жағдай жасауды қажет ететін мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 170 мыңнан асады. Бұл туралы «Арнаулы және инклюзив білім беруді дамыту ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы» РМК басшысы Әйгерім Күдеринова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай