
Сенатта ғылымды дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобы құрылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ғылым мен білімді дамыту мақсатында құқықтық базаны жетілдіру үшін Сенатта тиісті жұмыс тобын құруға болады. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Қазақстандағы ғылым мен білімнің болашағы» оқыту форсайт-сессиясында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еуропалықтар 2035 жылға қарай электромобильге көшеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуропалық Одақ өз өңірінде көліктің атмосфераға парниктік әсер тудыратын газдарды шығармауы керек екеніне сенімді. Сондықтан сәрсенбі күні ұйымға мүше елдер 2035 жылға қарай бензинмен немесе дизельдік отынмен жүретін жаңа көліктерді сатуды тоқтатуға келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ғылыми конференция өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Белгілі түркітанушы, қазақ тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орайластырылған ғылыми конференция өтті.

Байқоңыр ғарыш қызметінің онкологияға әсерін зерттейтін комиссия жұмыс істейді
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Үш айдан бері Ұлытау облысындағы онкологиялық аурулардың себептерін, оның ішінде Байқоңыр ғарыш айлағы қызметінің әсерін зерттеу мақсатында комиссия жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Экология министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде арнайы жағдайды қажет ететін балалардың саны 170 мыңнан асады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде арнайы жағдай жасауды қажет ететін мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 170 мыңнан асады. Бұл туралы «Арнаулы және инклюзив білім беруді дамыту ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы» РМК басшысы Әйгерім Күдеринова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мектеп кітапханасына ең көп алынған романдар — «Абай жолы» мен «Ұшқан ұя»
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мектеп кітапханасына ең көп сатып алынған кітаптар қатарында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» мен Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» романы тұр. Бұл туралы Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Елдос Нұрланов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық кітапханада 95 мыңнан астам кітап цифрлық форматқа көшірілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қолданыстағы авторлық құқық туралы заң нормалары оқырманға заманауи авторлардың шығармаларын цифрлық форматта толық оқуға мүмкіндік бермей отыр. Бұл туралы құқық иелерінің республикалық конференциясы барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шетелдік беделді жас ғалым қоршаған орта бойынша мұғалімдерге зерттеу курсын өткізуде
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - National Geographic Qazaqstan журналының шақыруымен алғаш рет Қазақстанға келген National Geographic Emerging Explorer 2020 конкурсының жеңімпазы, қоршаған ортаны қорғау ғылымына маманданған оқытушы, жас ғалым Алишиа Прессел Көкшетаудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары мен мұғалімдері үшін «Young Explorers-2022» зерттеу курсын өткізіп жатыр.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай