
Болашақпен Нью-Йорк пен Лондонда оқитын қазақстандықтар ай сайын 2 мың доллар стипендия алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Болашақ» бағдарламасымен Нью-Йорк пен Лондонда оқитын қазақстандықтар ай сайын 2 мың доллардан асатын стипендия алады. Бұл туралы ҚазАқпарат орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Болашақ» бағдарламасының тізіміне 40 жаңа мамандық қосылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мамандықтар тізімі еңбек нарығының трендтерін талдау нәтижесінде толықтырылған. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақ қызы Лос-Анжелесте 40-қа жуық жеткіншекке қазақ тілін үйретіп жүр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Әсел Әбілдаева Лос-Анджелес қаласындағы Оңтүстік Калифорния университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жүр. Ол бос уақытында Qazaq Community California аясында балаларға Қазақстан тарихы мен қазақ тілін үйретеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейлік университеттер, ҰБТ бағасы, жекеменшік мектептер туралы «Желіге шолу» айдарынан білуге болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Желіге шолу» айдарының қонақтары «Болашақ» бағдарламасына ресейлік университеттердің қосылуы, сынама ҰБТ бағасы мен жекеменшік мектепке құжат тапсыру туралы оқырмандар сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша техникалық бағыттарға грант саны 60% дейін артады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша техникалық және IT мамандықтарға грант саны 36%-дан 60%-ға дейін өседі. Бұл - оқытудың осы бағыттары бойынша үміткерлерді қолдаудың қосымша шараларының бірі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Вице-министр Ресейде «Болашақпен» оқу туралы: Бұл қазақстандықтардың әлемнің жетекші ЖОО оқи алмайды дегенді білдірмейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Ресей университеттерінің филиалдарын ашуға қатысты сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Батыс оқу орнының дипломы жоғары білімнің көрсеткіші емес – Тоқаев «Болашақ» бағдарламасы туралы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарына берген сұхбатында «Болашақ» бағдарламасымен техникалық мамандарды Ресейде оқыту жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әнуар Жанғозин «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Әнуар Жанғозин халықаралық бағдарламалар орталығы басқармасының төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай