
Байқоңыр ғарыш қызметінің онкологияға әсерін зерттейтін комиссия жұмыс істейді
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Үш айдан бері Ұлытау облысындағы онкологиялық аурулардың себептерін, оның ішінде Байқоңыр ғарыш айлағы қызметінің әсерін зерттеу мақсатында комиссия жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Экология министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Байқоңыр қаласынан 10 сотық жерді тегін алу мүмкін емес – АШМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов Байқоңыр қаласында Қазақстан азаматтары жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерін рәсімдей алмайтынын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғарышкерлер күні: Қазақстанда ғарыш саласы қалай дамып жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осыдан тура 61 жыл бұрын, яғни 1961 жылы 12 сәуірде Қазақстандағы Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кемесі ғарышқа аттанды. Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш айлағына айналды. Алғашқы ғарыш сапарынан кейінгі жылдары әлемде 500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізген. Қазіргі таңда еліміз ғарыш технологиясымен жабдықталған 15 елдің қатарына енген. Ғарыштың тылсым сырларына үңілу, жұмбағын шешу, тіпті, қажет болса оны игеру ғылым мен технология қарыштаған заманда ең өзекті мәселе. Осы орайда, ғарышты игеру жолының қалай басталғаны және еліміздегі ғарыш саласының даму қарқыны туралы ҚазАқпарат сарапшысының материалынан оқи аласыздар.

Бүгін Жезқазған маңына «Союз МС-19» ғарыш кемесінің экипажы қонады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылдың 30 наурызында Роскосмос ғарышкерлері Антон Шкаплеров пен Петр Дубров, сондай-ақ NASA астронавты Марк Ванде Хай мінген «Союз МС-19» басқарылатын ғарыш кемесінің экипажы Жерге оралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2026 жылы «Байқоңырдан» «Протон – М» зымыран тасымалдағышын ұшыру тоқтатылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2026 жылы «Байқоңырдан» «Протон – М» зымыран тасымалдағышын ұшыру тоқтатылады. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан орбитада жұмыс істеп тұрған спутниктер саны бойынша 30-орында
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат– 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Жер орбитасында 4550 белсенді спутник болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Dewesoft зерттеу тобының (UCS, ESRI және Space Foundation спутниктерінің мәдіметтер базасының негізінде) статистикасына сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай